ЗАҢ МЕН ТӘРТІП ҚАҒИДАТТАРЫН ТҮСІНДІРУ ЖИЫНЫ ӨТТІ
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті базасында Жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және заңнамаға енгізілген өзгерістерді түсіндіру мақсатында арнайы кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараны университеттің Басқарма мүшесі, стратегиялық даму және әлеуметтік істер жөніндегі проректоры Баршагүл Исабек жүргізді.
Кездесудің басты мақсаты – білім алушыларға заң мен тәртіп қағидаттарын кеңінен түсіндіру, жастар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу және Заңнамаға енгізілген соңғы өзгерістер туралы нақты ақпарат беру. Жиында Шымкент қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Дәулеткелді Әбдіраманов, Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының ҚҚБ бастығы, полиция подполковнигі Төре Тәукеев жастарға аталған тақырып бойынша жан-жақты мәлімет берді. Төре Тәукеев жастар арасында жиі кездесетін құқық бұзушылық түрлеріне және заңнамаға енгізілген жаңа нормаларға тоқталды. Атап айтқанда, сталкинг, некеге мәжбүрлек, дропперлік, есірткі айналымы, сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың электр самокаттарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптары мен жол қозғалысы ережелерін сақтау мәселелері де қозғалды.
Құқық қорғау қызметкерлері құқық бұзушылықтың алдын алу – әрбір азаматтың жауапкершілігі екенін атап өтіп, жастарды заң талаптарын сақтауға, күмәнді әрекеттерден аулақ болуға және өз құқықтарын білуге шақырды. Кездесу барысында білім алушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, құқықтық кеңес алды.

Осыған ұқсас
«КИБЕРМӘДЕНИЕТ АЙЫ» АЯСЫНДА УНИВЕРСИТЕТТЕ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ КЕЗДЕСУІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҚПУ ЖАНЫНДАҒЫ ӘСКЕРИ КАФЕДРА ЗАПАСТАҒЫ ОФИЦЕРЛЕРДІ ДАЯРЛАУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ БОЙЫНША ОҚУ ҮШІН СТУДЕНТТЕРДЕН ӨТІНІШ ҚАБЫЛДАЙДЫ
Конкурс. 07.09.2026
Хабарландыру 07.09.2026
ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ БІЛІМ КҮНІ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АТАЛЫП ӨТТІ
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті КЕАҚ-тың Университет грантын беру жөніндегі комиссия отырысының 2026 жылғы 24 тамыздағы хаттамалық шешімі негізінде Университет грантының иегерлерінің тізімі
ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ: ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ – ҰЛТ РУХАНИЯТЫН ЖАҢҒЫРТҚАН ТҰЛҒА
ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ МЕН АЗАМАТТЫҚ БЕЛСЕНДІЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ