УНИВЕРСИТЕТ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ
Бүгін Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті жанынан ашылған 8D01504 «Химия педагогін даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша құрылған диссертациялық кеңестің алғашқы отырысы өтті. Жиынға университет Басқарма төрағасы-ректор м.а Әлібек Нұртаев қатысып, ғылыми кеңес жұмысына сәттілік тіледі.
Жалпы, қазіргі таңда университетімізде 4 диссертациялық кеңес жұмыс істейді. Ал, докторантура деңгейінде 14 білім беру бағдарламасы бойынша ғылыми кадрлар даярланады. Бұл оқу орнымыздың ғылыми әлеуетінің дамуы мен жас ғалымдарды қолдаудағы маңызды қадамдарының бірі болып табылады.
— Өздеріңіз білетіндей, біздің университет — өңірдегі педагогикалық кадрларды даярлайтын жетекші әрі бірегей жоғары оқу орындарының бірі. Сондықтан біз үшін болашақ педагогтарды сапалы даярлау, ғылыми әлеуеті жоғары мамандар қалыптастыру аса маңызды міндет болып табылады. Бүгінгі таңда педагогтарға қойылатын талаптар өте жоғары. Сондықтан біз даярлайтын мамандар заман талабына, білім беру нарығының сұранысына толық жауап беретін білікті кадрлар болуы тиіс. Кеңес мүшелерінің жауапты ғылыми жұмысына табыс тілеймін, — деді Әлібек Нұрбайұлы.
Ғылыми мәжілісте докторант Әлия Қарманова қорғайтын диссертациялық жұмыс тақырыбы болашақ химия педагогтарының цифрлық технологиялар негізінде кәсіби құзыреттілігін дамытуға арналды.
Осыған ұқсас
ХАБАРЛАНДЫРУ 19.10.2026
ҮНДІСТАНДЫҚ ҒАЛЫММЕН СҰХБАТ: «ЗЕРТТЕУДЕГІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ЭТИКА ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК»
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІ — АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЛИГАСЫНЫҢ МҮШЕЛІГІНЕ ҚАБЫЛДАНДЫ
«КӘСІБИ ЖӘНЕ МАНСАПТЫҚ ДАМУДЫҢ ЦИФРЛЫҚ ЭКОЖҮЙЕСІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛГЕ ШАҚЫРАМЫЗ!
ҰЙЫМДАР МЕН ҮЙІРМЕЛЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
МАЛАЙЗИЯНЫҢ САБАХ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ ДӘРІС ОҚЫДЫ
«ҰСТАЗ – ӨМІРДІҢ ШАМШЫРАҒЫ»: ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
ЖАҢА ҒИМАРАТТА СТУДЕНТТЕР АСХАНАСЫ АШЫЛДЫ
Университет ғалымы ICAAM 2026 халықаралық ғылыми конференциясында