AI-SANA: ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚАДАМ
Наурызда AI-SANA мемлекеттік бағдарламасының 2-кезеңі ресми түрде басталды. Бұл – Қазақстан бойынша 100 000 студентті қамтуды көздейтін ауқымды ұлттық бастама. AI-SANA — 10 апталық, 135 сағаттық толық онлайн бағдарлама. Ол жасанды интеллект негіздерін, машиналық оқытуды, генеративті модельдерді және кәсіпкерлік ойлауды бір жүйеге біріктіреді. Бағдарлама академиялық тұрғыдан Stanford AIRE тәжірибесіне сүйенеді және халықаралық сарапшылардың қатысуымен жүзеге асады.
Бүгінгі таңда университет миссиясы тек білім беру емес, сонымен қатар жаңа экономика кадрларын даярлау болып отыр. AI-SANA осы мақсатқа жауап береді. Бағдарлама студенттерге нақты салалық кейстер арқылы AI қолдануды үйретеді, венчурлық ойлау мен стартап мәдениетін қалыптастырады. Командалық жұмыс пен жобалық басқару дағдыларын дамытады, Қазақстан экономикасының басым секторларымен байланысты практикалық модель ұсынады.
Ең маңыздысы – бұл теориялық курс емес. Бағдарлама қорытындысында студенттер 12 кезеңнен тұратын құрылымдалған стартап-жоспар әзірлейді. Яғни, білім нақты экономикалық құндылыққа айналады. Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да бүгінгі күнде барлығы 2073 білім алушы арнайы платформаға тіркеліп, бағдарламаның екінші кезеңін оқуды жалғастырмақ.
Осыған ұқсас
ХАБАРЛАНДЫРУ 19.10.2026
ҮНДІСТАНДЫҚ ҒАЛЫММЕН СҰХБАТ: «ЗЕРТТЕУДЕГІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ЭТИКА ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК»
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІ — АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЛИГАСЫНЫҢ МҮШЕЛІГІНЕ ҚАБЫЛДАНДЫ
«КӘСІБИ ЖӘНЕ МАНСАПТЫҚ ДАМУДЫҢ ЦИФРЛЫҚ ЭКОЖҮЙЕСІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛГЕ ШАҚЫРАМЫЗ!
ҰЙЫМДАР МЕН ҮЙІРМЕЛЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
МАЛАЙЗИЯНЫҢ САБАХ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ ДӘРІС ОҚЫДЫ
«ҰСТАЗ – ӨМІРДІҢ ШАМШЫРАҒЫ»: ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
ЖАҢА ҒИМАРАТТА СТУДЕНТТЕР АСХАНАСЫ АШЫЛДЫ
Университет ғалымы ICAAM 2026 халықаралық ғылыми конференциясында