САМАРҚАНД МЕМЛЕКЕТТІК ИНСТИТУТЫНЫҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫ ДӘРІС ОҚИДЫ
Самарқанд мемлекеттік шетел тілдері институтының профессор-оқытушылар құрамы Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетімен арадағы ынтымақтастық меморандум негізінде 16 наурыз – 1 мамыр аралығында дәріс оқуға келді. Шетелдік оқытушылар 6В02301-Аударма ісі, 6В01703-Шетел тілі: екі шетел тілі мұғалімін даярлау, 6В01706-Өзбек тілі мен әдебиеті мұғалімін даярлау, 6В01708-Орыс және орыс емес тілдерде оқытатын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті (ІР), 6В01709-Қазақ тілі мен әдебиеті (ІР), 6В02302-Филология, 6В015015-Информатика (ІР), 6В01102-Психология (ІР) ББ білім алушыларына сабақ өтпек.
Сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы негізінде келген профессорлар арасында қазіргі өзбек әліпбиінің негізін салушы, 600-ден аса ғылыми еңбек жариялаған, көркем жазу әдістемесінің негізін қалаушылардың бірі, филология ғылымдарының докторы Рустам Журақулов та бар. Ғалым өзбек тілінің латын негізді жазуға өту тиімділігі мен қиындықтары жайлы сөз қозғады.
Екі оқу орнының ғалымдары дөңгелек үстел аясында бірлескен білім беру бағдарламалары, қосарланған білім беру бағдарламалары, студенттер мен профессор-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша алмасуы жайлы пікір бөлісті. Білім беру бағдарламаларының пәндерін сәйкестендіру және кәсіби пәндердің оқу нәтижесін есепке ала отырып, білім алушының жеке жұмыс жоспарын түзу мәселелері сөз болды.


Осыған ұқсас
«ҚАЗАҚТЫҢ ДОСТАРЫ МЕН ҚАСТАРЫ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ
«ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ ҚҰБЫЛЫСЫ: ТҰЛҒА ТАҒЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің студенттері арасында «Наурыз» мерекесіне арналған ұлттық спорт түрлерінен өтетін жарыстың ережесі
G1 ГУМАНОИД РОБОТЫ ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
«Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы - Ректоры бос лауазымына конкурс
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ИНЖЕНЕРЛІК ЖОБАДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН!
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ
DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ