МАТЕМАТИКТЕРДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ
Шымкент қаласында қазақстандық және шетелдік жетекші математиктердің қатысуымен ғылым мен білімнің өзекті мәселелерін талқылауға арналған ауқымды жиын өтті. Қазақстан математиктерінің алғаш рет ұйымдастырылған І конгресіне ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Түркі әлемінің және Қазақстан математикалық қоғамдарының президенті, академик Бақытжан Жұмағұлов, ҚР ҰҒА академигі, профессор Тынысбек Кәлменов, сондай-ақ қала әкімінің орынбасары Арман Сәбитов қатысты.
Академик Тынысбек Кәлменов өз сөзінде қазақстандық математиканың халықаралық деңгейде жоғары нәтижелер көрсетіп отырғанын айтып, бұл бағыттағы зерттеулерді дамыту мен жас ғалымдарды қолдаудың маңыздылығына тоқталды. Конгресс 6 халықаралық ғылыми конференцияны қамтыды. "Цифрлық трансформация дәуіріндегі мектеп пен ЖОО-да математиканы оқытудың өзекті мәселелері және жасанды интеллект" конференциясы Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті аясында өтті. Жиында ғалымдар математика саласының өзекті мәселелерін талқылады.


Осыған ұқсас
АЛТЫН ҰЯҒА 60 ЖЫЛДЫҚ САҒЫНЫШПЕН КЕЛДІ
ГАЗИ УНИВЕРСИТЕТІ ФИЛИАЛЫНДА ТҮРКИЯЛЫҚ МАМАНДАР САБАҚ БЕРУДЕ
ҒАЛЫМДАР «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА —ШЫНШЫЛ СӨЗ» КІТАБЫН ОҚЫП, ТАЛҚЫЛАДЫ
Хабарландыру. 25.09.2026
25 қыркүйек - Жалпыұлттық аза тұту күні
ОҚЫТУШЫЛАРҒА CHATGPT EDU МҮМКІНДІКТЕРІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
BilimUpskill ChatGPT Edu жобасы бойынша кездесу-семинар
«BACK TO STUDY: SAFE & READY» COMMUNITY EVENT ӨТТІ
ШЕТЕЛДІК СТУДЕНТТЕРГЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЗАҢ МЕН ТӘРТІП ҚАҒИДАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ