ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДА «GRAND PRIX» ЖҮЛДЕСІН АЛДЫ
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің Өнер және білім факультеті, кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері кафедрасының «Дизайн» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері Ташкент қаласында өткен халықаралық «Азия өрнектері» шығармашылық байқауында «Grand prix» жүлдесін, сондай-ақ бірнеше І дәрежелі дипломдарды иеленді. Шығармашылық ұжым жетекшісі Жәмила Ерназарова «Байқауға қазақтың ұлттық киімдерін ұсындық. Қатысушылар санының көптігі соншалықты, түстен кейінге жоспарланған көрсетілім түн ішінде аяқталды. Осыншама жүйріктің арасынан топ жару әрине, оңай болған жоқ» дейді.
Бүгін жеңімпаздарды университет Басқарма төрағасы-ректор м.а Әлібек Нұртаев қабылдап, қолөнер иелерін айтулы жеңісімен құттықтады. Қолөнердің ешқашан өлмейтін мұра екенін айтқан Басқарма төрағасы ұжым атынан алғыс білдірді. Сондай-ақ Әлібек Нұрбайұлы жақында Шымкент қаласында өткен Digital Kazakhstan халықаралық форумы аясында өткен «AI for Kazakhstan: Industry 5.0 Solutions» өңірлік хакатонда жеңіс тұғырынан көрінген, информатика кафедрасының 1-курс студенті Дінмұхамед Исламовты да қабылдады. Димаш хакатонға «Болашақтың білім платформасы, қазақтілді оқу орындарына арналған AI-жүйесі: автоматты тест генерациясы, прокторинг және үлгерім болжамы» жобасын ұсынып, техникалық университеттер қатысқан Шымкент қаласындағы жоғары оқу орындары арасынан 2–орынды жеңіп алған еді. Аталмыш жоба арнайы платформа арқылы оқытушылар мен мұғалімдерді қағазбастылықтан құтқаруға арналған. Жетекшісі — Лаура Сүлейменова, Рахым Нұрдос.
Қабылдауда Әлібек Нұрбайұлы ғалым, өнерлі жастарды әркез қолдайтынын, бұл нәтижелер университет аумағымен ғана шектеліп қалмай, өңірлерге таратылатындай мүмкіндік пен қолдау жасауға күш салатынын білдірді. Жауапты сала мамандарына бұл жобаларды ауқымды қаржылай қолдау гранттары аясында жетілдіру үшін тиісті шараларды атқаруды тапсырды.
Осыған ұқсас
ҒЫЛЫМИ ӘЛЕУЕТТІ АРТТЫРУ: ОҚПУ-ДА БЕЛГІЛІ ҒАЛЫМДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Хабарландыру 17.08.2026
ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНЕ ABERTAY UNIVERSITY ДЕЛЕГАЦИЯСЫ КЕЛДІ
Ж.АЙМАУЫТҰЛЫ АТЫНДАҒЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖДЕ ТАЛАПКЕРЛЕРДІҢ КӘСІБИ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАНДАРЫ ӨТКІЗІЛДІ
ЦИФРЛЫ ДӘУІРДЕГІ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ: МАМАН ДАЯРЛАУ МЕН ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ОҚУЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
УНИВЕРСИТЕТ ҰЖЫМЫНА "ӘДІЛЕТ" ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
ZHANIBEKOV UNIVERSITY-ДЕ FUZHENG EDUCATION ӨКІЛІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
ОҚПУ БОЛАШАҚ ДӘРІГЕРЛЕРМЕН БИОТЕХНОЛОГИЯ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЗЕРТТЕУЛЕРДІ ДАМЫТПАҚ
Хабарландыру 05.08.2026