ТҮРКИЯ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ — УНИВЕРСИТЕТІМІЗДЕ ҚОНАҚТА
Түркиядағы Antalya Bilim Koleji оқытушылары мен қызметкерлері бастаған делегация Zhanibekov University –де қонақта болды. Делегация құрамында мектеп-лицейдің оқушыларымен қатар, қаламыздағы Green School және Nomad School өкілдері мен оқушылары да болды.
Түркиядан келген делегацияның мақсаты – қаладағы жетекші жоғары оқу орындарының біріне айналған Zhanibekov University оқу-әдістемелік базасымен, заманауи инфрақұрылымымен танысу, өзара тәжірибе алмасу және халықаралық білім беру кеңістігінде тығыз ынтымақтастық орнату. Сонымен қатар, тараптар мәдениетаралық байланыстарды нығайтып, білім беру саласындағы озық тәжірибелер мен инновациялық әдістермен бөлісуге ниет білдірді.
Қонақтарды университет Басқарма мүшелері жылы қабылдап, оқу орнының тыныс-тіршілігімен жан-жақты таныстырды. Атап айтқанда, археологиялық орталықтың қазба байлықтарынан құралған көрмеден бастап, Өзбекәлі Жәнібеков орталығын, ғылыми кітапхана мен үйірмелерді аралады.
Шара соңында делегация мүшелеріне университет тарапынан арнайы дайындалған кәдесыйлар тарту етіліп, қонақжайлық пен ілтипат көрсетілді. Түркиялық қонақтар Жәнібеков университетіне ризашылықтарын білдіріп, болашақта тағы да осындай жылы кездесулердің жалғасуына үміт білдірді.
Осыған ұқсас
ХАБАРЛАНДЫРУ 19.10.2026
ҮНДІСТАНДЫҚ ҒАЛЫММЕН СҰХБАТ: «ЗЕРТТЕУДЕГІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ЭТИКА ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК»
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІ — АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЛИГАСЫНЫҢ МҮШЕЛІГІНЕ ҚАБЫЛДАНДЫ
«КӘСІБИ ЖӘНЕ МАНСАПТЫҚ ДАМУДЫҢ ЦИФРЛЫҚ ЭКОЖҮЙЕСІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛГЕ ШАҚЫРАМЫЗ!
ҰЙЫМДАР МЕН ҮЙІРМЕЛЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
МАЛАЙЗИЯНЫҢ САБАХ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ ДӘРІС ОҚЫДЫ
«ҰСТАЗ – ӨМІРДІҢ ШАМШЫРАҒЫ»: ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
ЖАҢА ҒИМАРАТТА СТУДЕНТТЕР АСХАНАСЫ АШЫЛДЫ
Университет ғалымы ICAAM 2026 халықаралық ғылыми конференциясында