«КҮМІС УНИВЕРСИТЕТ» ЖОБАСЫ ТЫҢДАУШЫЛАРЫНА СЕРТИФИКАТ ТАБЫСТАЛДЫ
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде «Күміс университет» жобасы аясында білім алған тыңдаушыларға арналған салтанатты сертификат табыстау рәсімі өтті. Аталған шараға университет басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы, тыңдаушылар және қонақтар қатысты. Салтанатты жиында университеттің Басқарма төрағасы – ректор м.а. Әлібек Нұртаев сөз сөйлеп, жоба тыңдаушыларына жылы лебізін білдіріп, олардың білімге деген ұмтылысын ерекше атап өтті.
«Күміс университет» – зейнеткерлік жастағы азаматтарға арналған өмір бойы білім алу қағидатын жүзеге асыратын маңызды жоба. Бүгінде жоба университетте 14 бағыт бойынша жүргізіліп, тыңдаушылар өз қызығушылықтарына сай бірнеше курсқа қатар қатысу мүмкіндігіне ие.
2025–2026 оқу жылында «Компьютерлік және цифрлық сауаттылық» курсын – 30 тыңдаушы, «Өлке тарихының экскурсоводы» курсын – 15 тыңдаушы сәтті аяқтап, тиісті сертификаттарға ие болды. Салтанатты рәсім барысында тыңдаушыларға сертификаттар табысталып, естелік фотосуреттер түсірілді. Іс-шара барысында қатысушылар өз әсерлерімен бөлісіп, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді. Аталған жоба аға буын өкілдерінің белсенді өмір салтын ұстануына, жаңа білім мен дағдыларды меңгеруіне және қоғам өміріне белсене араласуына мүмкіндік беруде.

Осыған ұқсас
АЛТЫН ҰЯҒА 60 ЖЫЛДЫҚ САҒЫНЫШПЕН КЕЛДІ
ГАЗИ УНИВЕРСИТЕТІ ФИЛИАЛЫНДА ТҮРКИЯЛЫҚ МАМАНДАР САБАҚ БЕРУДЕ
ҒАЛЫМДАР «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА —ШЫНШЫЛ СӨЗ» КІТАБЫН ОҚЫП, ТАЛҚЫЛАДЫ
Хабарландыру. 25.09.2026
25 қыркүйек - Жалпыұлттық аза тұту күні
ОҚЫТУШЫЛАРҒА CHATGPT EDU МҮМКІНДІКТЕРІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
BilimUpskill ChatGPT Edu жобасы бойынша кездесу-семинар
«BACK TO STUDY: SAFE & READY» COMMUNITY EVENT ӨТТІ
ШЕТЕЛДІК СТУДЕНТТЕРГЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЗАҢ МЕН ТӘРТІП ҚАҒИДАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ