ЖАСТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МАҚСАТЫНДА ФИЛЬМДЕР ТАЛҚЫЛАУ ІС-ШАРАЛАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде білім алушылар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Хулиганка» және «Не книжные закладки» атты қысқаметражды фильмдерін көрсету және талқылау іс-шаралары ұйымдастырылып өткізілді.
Іс-шаралар университеттің «Қазақстан» мәжіліс залында өтті. Аталған көрсетілімдерге әртүрлі факультеттердің білім алушылары қатысып, жалпы саны 300-ден астам студент қамтылды. Атап айтқанда, жаратылыстану, дене шынықтыру және спорт, өнер және білім, тарих және педагогика, филология, сондай-ақ физика-математика факультеттерінің студенттері белсенді қатысты.
Көрсетілім барысында студенттерге «Хулиганка» және «Не книжные закладки» фильмдері ұсынылып, одан кейін құқықтық тақырыпта мазмұнды талқылау жүргізілді. Талқылау кезінде құқықбұзушылықтың негізгі себептері мен оның қоғамға тигізетін кері әсерлері кеңінен түсіндірілді.
Студенттер өз ойларын ортаға салып, құқықтық сауаттылықтарын арттыруға мүмкіндік алды.
Сонымен қатар, іс-шара тек 1–2 курс студенттерімен шектелмей, жоғары курс білім алушылары мен жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының тыңдаушыларын да қамтыды. Оларға аталған фильмдер оқу топтарының чаттары арқылы таратылып, қашықтықтан танысу және талқылау мүмкіндігі жасалды.
Жалпы, өткізілген іс-шаралар білім алушылар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, құқықбұзушылықтың алдын алуға және жастардың жауапкершілік деңгейін арттыруға оң ықпал етті.




Осыған ұқсас
АЛТЫН ҰЯҒА 60 ЖЫЛДЫҚ САҒЫНЫШПЕН КЕЛДІ
ГАЗИ УНИВЕРСИТЕТІ ФИЛИАЛЫНДА ТҮРКИЯЛЫҚ МАМАНДАР САБАҚ БЕРУДЕ
ҒАЛЫМДАР «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА —ШЫНШЫЛ СӨЗ» КІТАБЫН ОҚЫП, ТАЛҚЫЛАДЫ
Хабарландыру. 25.09.2026
25 қыркүйек - Жалпыұлттық аза тұту күні
ОҚЫТУШЫЛАРҒА CHATGPT EDU МҮМКІНДІКТЕРІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
BilimUpskill ChatGPT Edu жобасы бойынша кездесу-семинар
«BACK TO STUDY: SAFE & READY» COMMUNITY EVENT ӨТТІ
ШЕТЕЛДІК СТУДЕНТТЕРГЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЗАҢ МЕН ТӘРТІП ҚАҒИДАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ