Шәкәрім университеті профессорымен ғылыми семинар өтті
15 Сәуір 2025, 12:00
Медиа Орталық
*Ғылым айы
Zhanibekov University-де «Әлемдік және отандық тәжірибедегі кілт сөздерді зерделеу негізінде педагогикалық зерттеулердің трендтері мен үрдістерін анықтау» тақырыбында ғылыми семинар өтті.
Семинар Шәкәрім университетінің Педагогикалық зерттеулер ғылыми орталығының басшысы, қауымдастырылған профессор Жолымбаев Оралтай Мұратханұлының бастамасымен ұйымдастырылды.
Ғылыми семинардың басты мақсаты – әлемдік және отандық ғылыми басылымдардағы кілт сөздерге сараптама жасау арқылы зерттеу бағыттарының даму үрдістерін болжау және білім беру саласындағы ғылыми саясатты деректерге негіздеуге арналды.
Семинарда көтерілген мәселелер:
• 2020–2024 жылдар аралығындағы отандық ғылыми журналдардағы мақалаларға мәтіндік талдау жүргізу;
• Scopus, Web of Science, PubMed және Q1 деңгейіндегі халықаралық журналдарда жарияланған материалдар негізінде трендтік кілт сөздерді анықтау;
• Ғылыми зерттеулердің тақырыптарын стратегиялық жоспарлау үшін “Tи” (тренд индексі) көрсеткішін енгізу;
• Кілт сөздер базасын ғылымды басқару құралы ретінде пайдалану.
Ғылыми семинарда:
• Педагогика, инклюзивті білім беру, жоғары білім, критикалық ойлау, цифрлық педагогика, онлайн оқыту сияқты бағыттардың өзектілігі артқаны анықталды;
• “Tи” көрсеткіші арқылы жылдар бойынша ғылыми қызығушылық деңгейінің өзгерісі бағаланды;
• Кілт сөздерді жүйелеу арқылы магистрлік және докторлық диссертациялар тақырыптарын үйлестіру, ғылыми жобалардың мазмұнын дәл анықтау, кадрлық құрамның ғылыми бағытын айқындау мүмкіндігі ұсынылды.
Аталған зерттеу нәтижелері Қазақстан Республикасының 2023–2029 жылдарға арналған ғылымды дамыту тұжырымдамасына сәйкес білім және ғылым интеграциясын күшейтуге, ұлттық ғылыми саясаттың тиімділігін арттыруға ықпал етеді.
Осыған ұқсас
ХАБАРЛАНДЫРУ 19.10.2026
19 Қазан 2026, 15:23
ҮНДІСТАНДЫҚ ҒАЛЫММЕН СҰХБАТ: «ЗЕРТТЕУДЕГІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ЭТИКА ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК»
16 Қазан 2026, 10:00
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІ — АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЛИГАСЫНЫҢ МҮШЕЛІГІНЕ ҚАБЫЛДАНДЫ
12 Қазан 2026, 18:37
«КӘСІБИ ЖӘНЕ МАНСАПТЫҚ ДАМУДЫҢ ЦИФРЛЫҚ ЭКОЖҮЙЕСІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛГЕ ШАҚЫРАМЫЗ!
9 Қазан 2026, 10:30
ҰЙЫМДАР МЕН ҮЙІРМЕЛЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
7 Қазан 2026, 16:21
МАЛАЙЗИЯНЫҢ САБАХ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ ДӘРІС ОҚЫДЫ
6 Қазан 2026, 14:28
«ҰСТАЗ – ӨМІРДІҢ ШАМШЫРАҒЫ»: ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
5 Қазан 2026, 18:41
ЖАҢА ҒИМАРАТТА СТУДЕНТТЕР АСХАНАСЫ АШЫЛДЫ
5 Қазан 2026, 12:58
Университет ғалымы ICAAM 2026 халықаралық ғылыми конференциясында
5 Қазан 2026, 09:57
ЕҢБЕК АДАМДАРЫН ҚҰРМЕТТЕДІ
2 Қазан 2026, 16:10