«Ғылыми-креативті синергия (Interdisciplinary Science & Creative Integration): докторанттардың зерттеу нәтижелерін визуализациялау (Research Visualization) көрмесі және мастер-класс сессиялары» атты іс-шара өтті
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде ғылым айы аясында «Ғылыми-креативті синергия (Interdisciplinary Science & Creative Integration): докторанттардың зерттеу нәтижелерін визуализациялау (Research Visualization) көрмесі және мастер-класс сессиялары» атты іс-шара өтті. Шараның мақсаты – докторанттардың ғылыми зерттеулерін заманауи форматта (визуализация, креативті презентация, көрме) ұсыну, ғылыми идеялардың тәжірибелік қолданысын көрсету және кәсіби тәжірибе алмасуға арналды.
Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері кафедрасы ұйымдастырған шебірлік сағатында ғылыми-креативті көрме, сессиялар, ғылыми жобалардың презентациялары ұсынылды. Бұл бастама университеттің ғылыми-инновациялық әлеуетін арттыруға, жас ғалымдардың белсенділігін қолдауға және заманауи білім беру үрдістерін дамытуға ықпал етеді деп сенеміз.
Көркем еңбек, графика және жобалау педагогтерін даярлау БББ D1404-15 тобының 1-ші курс докторанттары шараға белсене қатысты. Сондай-ақ, Чехияның Палацк университеті мен ынтымақтастық келісім шарты аясында 2026 жылдың 08 сәуір-06 мамыр аралығында сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Оломоуц қаласынан келген 10 білім алушы да осы шараға қатысты. Аталған бағдарлама аясында шетелдік студенттер дәрістер мен практикалық сабақтар арқылы университеттің білім беру үдерісімен танысты. Қонақтарға арналған мәдени-танымдық іс-шаралар ұйымдастырылып, өңірдің тарихи-мәдени орындарын тамашалады. Бұл өз кезегінде студенттердің халықаралық деңгейде тәжірибе алмасуына, мәдениетаралық қарым-қатынастың дамуына және достық байланыстың нығаюына ықпал етеді. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы білім алушылардың кәсіби және тұлғалық дамуына оң әсерін тигізіп, халықаралық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүмкіндік береді.
Осыған ұқсас
ХАБАРЛАНДЫРУ 19.10.2026
ҮНДІСТАНДЫҚ ҒАЛЫММЕН СҰХБАТ: «ЗЕРТТЕУДЕГІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ЭТИКА ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК»
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІ — АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЛИГАСЫНЫҢ МҮШЕЛІГІНЕ ҚАБЫЛДАНДЫ
«КӘСІБИ ЖӘНЕ МАНСАПТЫҚ ДАМУДЫҢ ЦИФРЛЫҚ ЭКОЖҮЙЕСІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛГЕ ШАҚЫРАМЫЗ!
ҰЙЫМДАР МЕН ҮЙІРМЕЛЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
МАЛАЙЗИЯНЫҢ САБАХ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ ДӘРІС ОҚЫДЫ
«ҰСТАЗ – ӨМІРДІҢ ШАМШЫРАҒЫ»: ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
ЖАҢА ҒИМАРАТТА СТУДЕНТТЕР АСХАНАСЫ АШЫЛДЫ
Университет ғалымы ICAAM 2026 халықаралық ғылыми конференциясында