Zhanibekov university logo

БҰРЫМДЫ ҚЫЗ – ҰЛТ КӨРКІ

17 Қараша 2026, 16:25
Медиа Орталық

Тарих және педагогика факультетінің ұйымдастыруымен «Бұрымды қыз — ұлт көркі» байқауы өтті. Аталған байқау қазақ халқының ұлттық құндылықтарын дәріптеп, қыз баланың сұлулығы мен ибалы болмысын, бұрымды арудың көркем келбетін насихаттауға арналды. Байқау барысында қатысушылар әлеуметтік желі арқылы өз бақтарын сынап, оқырмандар мен қолдаушылардың дауысын жинады. Әрбір лайк пен пікір қатысушыларға көрсетілген қолдаудың белгісі болды. Ал Ақмерей Нұрзин мен Айымжан Өмірәліге арнайы номинациялар берілді.

Байқау барысында факультет деканы Таутаева Гүлдариға Батыршақызы қазақ қызының бұрымы – ұлттық тәрбиенің, сұлулық пен ибалықтың белгісі екенін атап өтіп, бұрымның қадір-қасиеті мен қазақ халқының салт-дәстүріндегі тәрбиелік мәні туралы тағылымды ойымен бөлісті. Шараны деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж. Жұмасаева ұйымдастырды. Қазақ қызының бұрымы – жай ғана шаш үлгісі емес, ол – ұлттың эстетикалық талғамы, тәрбиесі мен рухани мұрасының көрінісі.