Zhanibekov university logo

ҚАУЫМДАСТЫРЫЛҒАН ПРОФЕССОР АТАҒЫ БЕРІЛДІ !

17 Наурыз 2025, 14:24
Медиа Орталық

📚🏆 Zhanibekov University физика-математика факультетінің деканы, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент м.а Альмира Ибашоваға 50300- Білім бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілді! Ғылыми атақ ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету төрағасының 2025 жылғы 13 наурыздағы 379-бұйрығына сәйкес берілді.
📝📚 Альмира Байдабекқызы 1969 жылы Түркістан облысы, Бөген ауданы, Қараспан ауылында педагогтар отбасында дүниеге келген. Алғашқы еңбек жолын информатика мұғалімі қызметінен бастады. Ол ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы «500 ғалым» жобасы бойынша 2022 жылғы «Болашақ» стипендия иегері. «ҚР ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгі иегері. Бастауыш мектептерде ақпараттық білім ортасын әзірлеуге арналған жобалары мемлекеттік гранттық қаржыландыру негізінде нәтижелі мақсатқа жетті.
🖥💻 Өз ісінің білікті маманы 2017 жылдан «Физика-математика» факультетінің деканы. Халықаралық, республикалық ғылыми-практикалық конференцияларға қатысып, баяндамалар жасап тұрады. Оның 60 ғылыми мақаласы отандық және шетел басылымдарында жарияланған, 6 оқу және оқу-әдістемелік құралдарының авторы. Альмира Байдабекқызы Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ-де былтыр тұңғыш рет құрылған 8D01503 – «Информатика педагогін даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша диссертациялық кеңестің төрағасы. Жақында ғана оның жетекшілігімен Д.Белесова «Бастауыш сынып оқушыларын программалауға оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері» тақырыбындағы диссертациясын қорғап, 8D01503 – «Информатика педагогін даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (РhD) дәрежесін иеленген болатын.
🏆🏆 Әріптесімізді үздіксіз ізденіс жолындағы тағы бір жаңа белесімен шын жүректен құттықтаймыз!💐

Осыған ұқсас

ҒЫЛЫМИ ӘЛЕУЕТТІ АРТТЫРУ: ОҚПУ-ДА БЕЛГІЛІ ҒАЛЫМДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ҒЫЛЫМИ ӘЛЕУЕТТІ АРТТЫРУ: ОҚПУ-ДА БЕЛГІЛІ ҒАЛЫМДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

18 Тамыз 2026, 13:30
Хабарландыру 17.08.2026

Хабарландыру 17.08.2026

17 Тамыз 2026, 19:08
ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНЕ ABERTAY UNIVERSITY ДЕЛЕГАЦИЯСЫ КЕЛДІ

ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНЕ ABERTAY UNIVERSITY ДЕЛЕГАЦИЯСЫ КЕЛДІ

14 Тамыз 2026, 13:32
Ж.АЙМАУЫТҰЛЫ АТЫНДАҒЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖДЕ ТАЛАПКЕРЛЕРДІҢ КӘСІБИ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАНДАРЫ ӨТКІЗІЛДІ

Ж.АЙМАУЫТҰЛЫ АТЫНДАҒЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖДЕ ТАЛАПКЕРЛЕРДІҢ КӘСІБИ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАНДАРЫ ӨТКІЗІЛДІ

11 Тамыз 2026, 13:34
ЦИФРЛЫ ДӘУІРДЕГІ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ: МАМАН ДАЯРЛАУ МЕН ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ОҚУЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ЦИФРЛЫ ДӘУІРДЕГІ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ: МАМАН ДАЯРЛАУ МЕН ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ОҚУЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

10 Тамыз 2026, 13:36
УНИВЕРСИТЕТ ҰЖЫМЫНА "ӘДІЛЕТ" ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

УНИВЕРСИТЕТ ҰЖЫМЫНА "ӘДІЛЕТ" ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

7 Тамыз 2026, 13:38
ZHANIBEKOV UNIVERSITY-ДЕ FUZHENG EDUCATION ӨКІЛІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ZHANIBEKOV UNIVERSITY-ДЕ FUZHENG EDUCATION ӨКІЛІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

6 Тамыз 2026, 13:41
ОҚПУ БОЛАШАҚ ДӘРІГЕРЛЕРМЕН БИОТЕХНОЛОГИЯ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЗЕРТТЕУЛЕРДІ ДАМЫТПАҚ

ОҚПУ БОЛАШАҚ ДӘРІГЕРЛЕРМЕН БИОТЕХНОЛОГИЯ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЗЕРТТЕУЛЕРДІ ДАМЫТПАҚ

6 Тамыз 2026, 11:42
Хабарландыру 05.08.2026

Хабарландыру 05.08.2026

5 Тамыз 2026, 21:38
УНИВЕРСИТЕТ РЕКТОРЫ ТЕХНИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР, БЕЛГІЛІ ҒАЛЫМ ӘБДІМӘЛІК ӘШІРОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

УНИВЕРСИТЕТ РЕКТОРЫ ТЕХНИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР, БЕЛГІЛІ ҒАЛЫМ ӘБДІМӘЛІК ӘШІРОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

4 Тамыз 2026, 13:43