Жұматаев Ордабек Кайратұлы
Мен, Жуматаев Ордабек Қайратұлы 06.09.1990 жылы Чимкент облысы Ленин ауданы Алтынтөбе елді мекенінде туылған.
2008 жылы Академиялық Инновациялық университетіне «Дене шынықтыру және спорт» мамандығына оқуға түсіп, 2011 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтына ауысып 2012 жылы аталған оқу орнында «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша білім алған. 2012-2014 жылдар аралығында Академиялық инновациялық университетін «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша магистратураны аяқтаған.
2013 жылы қаңтар-маусым айлар аралығында «Жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша Алтынтөбе елді мекеніндегі Ө.Жамалов атындағы жалпы орта мектебінде «дене шынықтыру» пәні мұғалімінің қызметін атқардым. 2013-2015 жылдарында Алтынтөбе елді мекеніндегі «Алтынтөбе» атындағы жалпы орта мектебінде дене шынықтыру пәні мұғалімі қызметін атқардым. 2015 жылдың қыркүйек айынан бастап Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының «Дене шынықтыру» кафедрасының магистр-оқытушысы, 2019 жылдың қазан айынан бастап декан орынбасары қызметін атқарып келемін. Факультетте және кафедрада ғылыми зеттеу жұмыстарына жауапты, волейбол спорт түрінен жаттықтырушы қызметін атқарып келемін.
Қызметтегі басшылық атынан алғыс хаттармен марапаттарым бар. Оның ішінде «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетіне-80жыл» төсбелгісі (2022 ж.) де бар.
Жалпы еңбек өтілім 10 жыл, оның ішінде педагогикалық (университетте) еңбек өтілім 9 жыл.
Университет қабырғасында жүріп 30 шамасында мақала, 3 әдістемелік нұсқау және басқада жарияланымдар жариялаған екенмін.