Мен, Мұсабекова Гүлнар Тәжібайқызы, 1953
жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Жетісай ауданында дүниеге келдім.
1969 жылы Қаз.ССР 40 жылдығы атындағы орта
мектепті алтын медальмен бітірдім.
1974 жылы Иваново мемлекеттік
университетін "Орыс тілі, әдебиеті және педагогика" мамандығы бойынша
үздік бітірдім.
1974 жылдан 1999 жылға дейін Жетісай
педагогикалық колледжінде орыс тілі, әдебиеті және педагогика пәндерінің
оқытушысы болып жұмыс істедім.
1993 жылы маған Қазақстан Республикасының
білім беру ісінің үздігі атағы берілді.
1999 жылдың қаңтар айында М.Х. Дулати
атындағы ТарМУ-да "“Влияние методов обучения на развитие гуманной личности
учащихся ” тақырыбында кандидаттық диссертация қорғадым.
1999 жылдың қыркүйегінен 2011 жылға дейін
"Сырдария"университетінде жұмыс істедім. Факультет деканы, кафедра
меңгерушісі, оқу – әдістемелік және ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор
қызметтерін атқардым.
2001 жылы маған ҚР БжҒМ ЖАК шешімімен
педагогика доценті ғылыми атағы берілді.
2004 жылы "Античный мир"
Халықаралық ғылыми академиясының профессоры атағы берілді, ал 2006 жылы осы
академияның лауреаты болдым.
2010 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-де
“Формирование готовности будущих учителей к инновационной деятельности в
общеобразовательной школе» тақырыбында докторлық диссертация қорғадым.
2011-2012 жылдары Оңтүстік Қазақстан
мемлекеттік педагогикалық институтында доцент қызметін атқардым.
2012-2016 жылдары Қ. А Ясауи атындағы
ХҚТУ-де педагогика ғылымдары
кафедрасының профессоры болып жұмыс істедім.
2016 жылдың қыркүйегінен 2020 жылдың
тамызына дейін "Сырдария" университетінде педагогика және психология
кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс атқардым.
2017 жылдың қорытындысы бойынша
республикалық сайыста "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атанып,
мемлекеттік грантты жеңіп алдым.
2020 жылдың қыркүйегі мен тамызы
аралығында Х.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-да әлем тілдері кафедрасының профессоры
болып жұмыс істедім.
2021 жылдың қыркүйегі мен тамызы
аралығында ОАИУ-де педагогика және білім беру технологиялары кафедрасының
профессоры қызметін атқардым.
2022 жылдың қыркүйегінен бастап қазіргі
уақытқа дейін Ө.Жәнібеков атындағы орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының
профессоры болып жұмыс істеймін.
400-ден астам астам ғылыми еңбектің,
оның ішінде 6 монографияның, 4 оқулықтың, 15 оқу құралының; Скопус
журналдарында жарияланған 15 мақаланың,
4 электрондық оқулықтың, 8 авторлық куәліктің авторымын.
Марапаттарым: "ҚР Білім беру ісінің
үздігі" төсбелгісі, "ЖОО үздік оқытушысы – 2017" медалі,
"Білім өркениеті" ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының
"Қазақстанның Құрметті академигі" төсбелгісі мен дипломы, ҚР
Педагогика ғылымдары академиясының "Үздік ұстаз" төсбелгісі мен
сертификаты, облыстық мәслихаттың Құрмет грамотасы, облыс әкімінің грамотасы.