РУХАНИ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ САНАЛЫ ТАҢДАУ
Университетте Психологиялық қолдау орталығының ұйымдастыруымен «Дене шынықтыру және спорт» факультетінің 1-курс студенттері мен «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттеріне арналған «Рухани қауіпсіздік және саналы таңдау» тақырыбында ашық диалог өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің діни сауаттылығын арттыру, деструктивті және радикалды діни ағымдардың алдын алу, діни арбау мен манипуляция белгілерін тану, сондай-ақ олардың теріс ықпалынан сақтану дағдыларын қалыптастыру.
Кездесуге Психологиялық қолдау орталығының басшысы Гүлнар Айтжанова, Шымкент қаласы Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Ұлықбек Әлиакбарұлы, дінтанушы-теолог Мәди Беспаев және «Дене шынықтыру және спорт» факультеті деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрғали Бектаев қатысты.
Іс-шара барысында мамандар діни қауіпсіздік, саналы таңдау жасау, күмәнді діни ақпаратты ажырата білу, діни арбау мен манипуляция белгілерін анықтау және деструктивті діни ағымдардың ықпалынан қорғану жолдары туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар студенттерді толғандырған сұрақтарға жауап беріп, нақты мысалдар негізінде пайдалы кеңестерімен бөлісті.
Ашық диалог барысында студенттер өз ойларын білдіріп, мамандармен пікір алмасты. Мазмұнды кездесудің қорытындысында жастарға кез келген ақпаратқа сыни көзқараспен қарап, саналы шешім қабылдаудың маңыздылығы түсіндірілді.
Осыған ұқсас
ШЕТЕЛДІК БІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА АҚПАРАТТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ
«ДИПЛОМНАН ҚҰЗЫРЕТТІЛІККЕ: БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТЫҢ КӘСІБИ КАПИТАЛЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ
ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ДӘУІРІНДЕГІ БІЛІМ ФИЛОСОФИЯСЫ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
ӨЛЕҢ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН ПОЭТИКАЛЫҚ КЕШ
БҰРЫМДЫ ҚЫЗ – ҰЛТ КӨРКІ
СТУДЕНТТЕРГЕ «АБАЙ ФЕНОМЕНІ», «ТОЛЫҚ АДАМ» ІЛІМІ ЖӘНЕ ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
«ОЙ ҚОЗҒАУ ОРТАЛЫҒЫ»: УНИВЕРСИТЕТТІҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
ҰЛТ ЖАНАШЫРЫ – ҰРПАҚ ЖАДЫНДА