ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАРАПАТ УНИВЕРСИТЕТ ҰЖЫМЫНА ТАБЫСТАЛДЫ
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы – Ректор Қайрат Балабиев Coursera Qazaqstan Excellence Awards халықаралық марапатын университет ұжымына салтанатты түрде табыстады.
Айта кетейік, Астана қаласында өткен Coursera Future Talks сессиясы мен Coursera Qazaqstan Excellence Awards салтанатты рәсімінде университетіміз «Digital Learning Excellence Award» номинациясының жеңімпазы атанды. Марапатты Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек халықаралық форум аясында университет ректоры Қайрат Балабиевке табыстаған болатын.
Бұл жетістік – университетте Coursera халықаралық платформасының онлайн курстарын білім беру бағдарламаларына енгізу және оларды оқу пәндерінің мазмұнымен кіріктіру бағытында атқарылған жүйелі жұмыстың нәтижесі. Университет Coursera платформасының рейтингі бойынша Қазақстанның 100 жоғары оқу орны арасында ТОП-6 қатарында.
Бүгінде Coursera платформасындағы курстар білім беру бағдарламалары мен пәндердің оқу нәтижелеріне сәйкестендіріліп, оқу үдерісінде қосымша білім беру ресурсы ретінде тиімді қолданылуда. Соның нәтижесінде білім алушылар әлемнің жетекші университеттері мен халықаралық компаниялары әзірлеген курстарды меңгеріп, заманауи цифрлық және кәсіби құзыреттерін дамытуға мүмкіндік алып отыр.
Кездесу барысында Қайрат Балабиев халықаралық марапатты университетте Coursera жобасын үйлестіріп, жүзеге асырып жүрген Академиялық істер департаменті Оқу-әдістемелік қолдау бөлімінің басшысы Гульмира Есентурееваға табыстады. Ректор жобаны нәтижелі іске асыруға үлес қосқан барша қызметкерлерге алғысын білдіріп, бұл жетістік университет ұжымының бірлескен еңбегінің нәтижесі екенін атап өтті.
«Digital Learning Excellence Award» марапаты – университет ұжымының халықаралық білім ресурстарын тиімді пайдалануға және болашақ педагогтердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған еңбегіне берілген жоғары баға.
Университет ұжымын халықаралық деңгейдегі мәртебелі марапатымен құттықтаймыз!

Осыған ұқсас
БІР ТОЛҚЫНДА – 2026
ШЕТЕЛДІК БІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА АҚПАРАТТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ
«ДИПЛОМНАН ҚҰЗЫРЕТТІЛІККЕ: БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТЫҢ КӘСІБИ КАПИТАЛЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ
ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ДӘУІРІНДЕГІ БІЛІМ ФИЛОСОФИЯСЫ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
РУХАНИ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ САНАЛЫ ТАҢДАУ
ӨЛЕҢ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН ПОЭТИКАЛЫҚ КЕШ
БҰРЫМДЫ ҚЫЗ – ҰЛТ КӨРКІ
СТУДЕНТТЕРГЕ «АБАЙ ФЕНОМЕНІ», «ТОЛЫҚ АДАМ» ІЛІМІ ЖӘНЕ ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ