«ҰЛТТЫҚ КИІМ — ҰЛТ АЙНАСЫ»
17 Ақпан 2025, 19:29
Медиа Орталық
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ Қазақстанда ЖОО арасында ұлттық киімді дәріптеу, насихаттау мақсатында басталған «Ұлттық киім — ұлт айнасы» атты челленджді қолдайды.
Қазақ халқының ұлттық киімдерінің түрі де, үлгісі де ғажайып. Оның көркем үлгілері әлемнің этнографиялық мұражайлары мен көрмелерінен орын алған. Ұлт мәдениетінде бағалы киімдер сый-сияпат, дипломатиялық қатынастарда естелік белгі ретінде жүрген.
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ қазақ мәдениетінің ажырамас бөлшегі саналатын ұлттық киімдерді әркез насихаттайды және әр аптаның жұма күні жұмысқа ұлттық киіммен келу бастамасын қолға алған. Университеттің «Мұра» қолөнер үйірмесі арқылы белгілі дизайнер Марат Ерімбетовтің этно стильдегі киімдері халықаралық деңгейдегі жарыстарда қазақ киімін паш етіп, жеңіспен оралуда!
Біз Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінен бастау алып, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті жолдаған ұлттық киім челленджін қабылдаймыз. Челленджді зор құрметпен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне, Жұмабек Тәшенев атындағы университетке жолдаймыз!
Осыған ұқсас
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ
13 Наурыз 2026, 11:19
DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ
13 Наурыз 2026, 09:20
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
11 Наурыз 2026, 13:17
AI-SANA: ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚАДАМ
11 Наурыз 2026, 10:27
«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
10 Наурыз 2026, 13:14
ӘЛЕМНІҢ МӘНІ — ӘЙЕЛДЕ!
6 Наурыз 2026, 13:03
УНИВЕРСИТЕТ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ
6 Наурыз 2026, 12:49
ҒАСЫР МЕРЕЙТОЙЫН ТОЙЛАҒАН ҒАЛЫМ ҚАПИРА СӘДУАҚАСОВА АТЫНДАҒЫ ДӘРІСХАНА АШЫЛДЫ
5 Наурыз 2026, 17:29
AI-SANA: Университеттің цифрлық трансформациясындағы стратегиялық қадам
3 Наурыз 2026, 13:39
Қаржылық қауіпсіздік: Цифрландыру және жасанды интелект дәуірінде
2 Наурыз 2026, 10:53