АЛАШТЫҚТАРДЫ АҚТАУҒА АРНАЛҒАН КІТАП — БІЗДІҢ УНИВЕРСИТЕТТЕ
14 Ақпан 2025, 18:45
Медиа Орталық
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да өткен кітап фестивалінде университеттің Әбсаттарқажы Дербісәлі атындағы ғылыми кітапханасының кітап қоры тағы бір тарихи құнды жинақпен толықты.
Аталған жинаққа кеңестік жылдардағы Алаш қозғалысы мен саяси қуғын-сүргін тарихын және ақтаңдақтарын саралау үшін түзілген көптомдық құжаттары, саяси қуғын-сүргінге ұшыраған алаштықтарды ақтауға қатысты құжаттар мен материалдар топтастырылған. Сондай-ақ, ақтау үдерісіне қатысты кезіндегі Орталықтан қабылданған ресми директивтік нұсқаулықтармен қатар саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары мен туған-туыстарының әкесін, жұбайын, бауырын ақтауды өтінген арыз-өтініштері, оларға берілген ресми жауаптары енгізілген. Құжаттардың басым көпшілігі алғаш рет жарияланған.
Жинақтың ғылыми жетекшісі — Мәмбет Қойгелдиев. Редакция алқасын Е.Қарин (бас редактор), Х.Әбжанов, Қ.Әлімғазинов, З. Қабылдинов, С. Қасымов, Д. Қамзабекұлы, Ә.Мұстафина, (жауапты редактор) , Г.Нұрымбетова, Е.Сыдықов құрайтын жобаны «Самұрық-Қазына» қоры қаржыландырған. Құнды еңбек оқу орнымыздың тарихшыларына, барлық ЖОО оқытушыларына, докторанттар мен магистранттар, студенттерге, сондай-ақ, ХХ ғасырдағы Қазақстан тарихына қызығушылық танытушыларға бағалы қазына болмақ.
Осыған ұқсас
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ
13 Наурыз 2026, 11:19
DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ
13 Наурыз 2026, 09:20
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
11 Наурыз 2026, 13:17
AI-SANA: ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚАДАМ
11 Наурыз 2026, 10:27
«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
10 Наурыз 2026, 13:14
ӘЛЕМНІҢ МӘНІ — ӘЙЕЛДЕ!
6 Наурыз 2026, 13:03
УНИВЕРСИТЕТ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ
6 Наурыз 2026, 12:49
ҒАСЫР МЕРЕЙТОЙЫН ТОЙЛАҒАН ҒАЛЫМ ҚАПИРА СӘДУАҚАСОВА АТЫНДАҒЫ ДӘРІСХАНА АШЫЛДЫ
5 Наурыз 2026, 17:29
AI-SANA: Университеттің цифрлық трансформациясындағы стратегиялық қадам
3 Наурыз 2026, 13:39
Қаржылық қауіпсіздік: Цифрландыру және жасанды интелект дәуірінде
2 Наурыз 2026, 10:53