УНИВЕРСИТЕТТЕГІ КІТАП МЕРЕКЕСІ
14 Ақпан 2025, 18:44
Медиа Орталық
14-ақпан — Халықаралық кітап сыйлау күні.
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да атаулы күнге орай кітап фестивалі өтті. Рухани шараның мақсаты —кітапты насихаттау, жаңа авторлар мен шығармаларды таныстыру, әр адамды кітаптың құдіретіне үңілтіп, оқу мәдениетін арттыру.
Басқарма мүшесі — Стратегиялық даму және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор Баршагүл Исабек, барлық факультет декандары да оқу орнының кітапханасына, әріптестер мен жастарға қазақ қаламгерлерінің классикалық туындылары мен қазіргі сұраныстағы шығармаларды тарту етті.
Унивсерситет жастарының жақсы бастамасын қолдап келген «Аманат» партиясы жастар қанатының төрағасы Бекзат Төлебай, “Жастар ресурстық орталығы” КММ-і, жоғары техникалық және кәсіптік орта білім беру ұйымдарымен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы Бекарыс Бахадыр да студенттер кітапханасына кітап сыйлады.
«Балаларға базарлық» қайырымдылық шарасына қойылған алтын сандыққа жиналған кітаптар жетім, әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына таратылатын болады.
Фестиваль аясындағы кітап жәрмеңкесіне «Атамұра» корпорациясы, «Оқырман», «Отбасы хрестоматиясы», «Books Shymkent bestseller» кітап дүкендері қатысты. Сондай-ақ, «Оқы және өзгеге ұсын!» жобасы мен әдеби-танымдық кездесу, интеллектуалды ойын ұйымдастырылды.
Осыған ұқсас
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ
13 Наурыз 2026, 11:19
DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ
13 Наурыз 2026, 09:20
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
11 Наурыз 2026, 13:17
AI-SANA: ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚАДАМ
11 Наурыз 2026, 10:27
«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
10 Наурыз 2026, 13:14
ӘЛЕМНІҢ МӘНІ — ӘЙЕЛДЕ!
6 Наурыз 2026, 13:03
УНИВЕРСИТЕТ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ
6 Наурыз 2026, 12:49
ҒАСЫР МЕРЕЙТОЙЫН ТОЙЛАҒАН ҒАЛЫМ ҚАПИРА СӘДУАҚАСОВА АТЫНДАҒЫ ДӘРІСХАНА АШЫЛДЫ
5 Наурыз 2026, 17:29
AI-SANA: Университеттің цифрлық трансформациясындағы стратегиялық қадам
3 Наурыз 2026, 13:39
Қаржылық қауіпсіздік: Цифрландыру және жасанды интелект дәуірінде
2 Наурыз 2026, 10:53