МИНИСТР КЕҢЕСШІСІ СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
7 Ақпан 2025, 18:58
Медиа Орталық
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Руслан Емелбаев болашақ педагогтармен кездесті. «Заманауи ұстаз: кәсіби даму мен мүмкіндіктері» атты кездесуде Руслан Тоқтарбекұлы өзінің өмірлік және кәсіби тәжірибесін студенттермен бөлісті.
Құзырлы орган өкілі алдымен педагог маман даярлаудағы реформалар мен стратегияларға байланысты статистикалық ресми мәліметтерді «сөйлетті». Бүгінде еліміздегі орта білім ұйымдарында 400 мыңға жуық педагог қызмет етуде. Олардың басым бөлігі жастар, яғни орта жас 40-ты құрайды. Ал, педагогикалық мамандықты таңдаған талапкерлердің басым бөлігін шымкенттік жастар құрайды.
Түлектердің жұмысқа орналасуы, ҰБТ тапсыру, халықаралық олимпиадаларға қатысуда ескеретін лайфкахтар туралы құнды кеңестерімен бөліскен маман ұлттық педагогиканың тарихы, ағартушылық ілім негізі туралы да тағылымды әрі қызықты дереектерді баяндады.
Студенттер Руслан Тоқтарбекұлының тұшымды дәрісін қызығушылықпен тыңдады. Кездесу соңында университет Басқарма мүшесі—Стратегиялық даму және әлеуметтік істер жөніндегі проректор Баршагүл Исабек, жобаны ұйымдастырушы, Басқарма мүшесі— Интернационалдандыру және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Хангелді Нұрдәулет алғыс білдірді. Ашық дәрісті алдағы уақытта Жәнібеков университетінің ютуб арнасынан толық көре аласыздар.
Осыған ұқсас
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ
13 Наурыз 2026, 11:19
DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ
13 Наурыз 2026, 09:20
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
11 Наурыз 2026, 13:17
AI-SANA: ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚАДАМ
11 Наурыз 2026, 10:27
«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
10 Наурыз 2026, 13:14
ӘЛЕМНІҢ МӘНІ — ӘЙЕЛДЕ!
6 Наурыз 2026, 13:03
УНИВЕРСИТЕТ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ
6 Наурыз 2026, 12:49
ҒАСЫР МЕРЕЙТОЙЫН ТОЙЛАҒАН ҒАЛЫМ ҚАПИРА СӘДУАҚАСОВА АТЫНДАҒЫ ДӘРІСХАНА АШЫЛДЫ
5 Наурыз 2026, 17:29
AI-SANA: Университеттің цифрлық трансформациясындағы стратегиялық қадам
3 Наурыз 2026, 13:39
Қаржылық қауіпсіздік: Цифрландыру және жасанды интелект дәуірінде
2 Наурыз 2026, 10:53