ТҮРІК ТІЛІ КУРСТАРЫНА ТІРКЕЛУ АШЫЛДЫ!
20 Қаңтар 2025, 18:33
Медиа Орталық
Деңгейлер:
1 Бастапқы деңгей 1 А1 09:00- 10:30
2 Бастапқы деңгей 2 А2 11:00 – 12:30
4 Орта деңгей 2 В1 16:00 -17:30
Түрік тілі курстары көрсетілген кестеге сәйкес 4 деңгейден тұрады. Біздің курстарымызға тіркелу кезінде өз деңгейіңізге сәйкес келетін курсты таңдауыңызды сұраймыз.
Курстың басталуы: 10.02.2025 ж.
Курстарымыз аптасына 3 күн, университетіміздің Бас ғимаратындығы 129-аудиторияда Түрік тілі орталығында дүйсенбі, сейсенбі және сәрсенбі күндері өтеді. Бейсенбі күндері сабақ уақытында сөйлеу клубы ұйымдастырылады.
ЕСКЕРТУ:
B2 және C1 деңгейлері бойынша топтар тек сұраныс болған жағдайда ашылады. Бұл деңгейлерде курс ашу үшін кемінде 7 студент тіркелуі және курстарға тұрақты қатысуы керек.
A2 және B1 деңгейлерінде оқитын студенттер саны 7 адамнан аз болса, сабақ басталғаннан кейін 3 аптадан соң бұл деңгейлер жабылып, олардың орнына жоғарыда көрсетілген уақытта жаңа A1 топтары ашылады.
Түрік тілі курстары осы семестрде шамамен 14 апта (3,5 ай) жалғасады. 12 апта бойы сабақтарға қатысқан тыңдаушыларға келесі деңгейдің сертификаты беріледі. Мысалы, A1 деңгейіндегі Бастапқы 1 курсына 12 апта бойы қатысқан студент, қорытынды емтиханнан сәтті өткен жағдайда, A2 – Бастапқы 2 деңгейіндегі TÖMER сертификатын алады.
Түркия жоғары оқу орындарында академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында бір семестр бойы білім алу үшін сізге Түрік тілі курстарына қатысып, сертификат алу пайдалы болады.
Тек 3 ай (12 апта) бойы күніне 45 минут курстарымызға қатысып, сабақтарды тыңдаған жағдайда, сіз түрікше еркін сөйлейтін деңгейге жетесіз.
Сіздерді ақысыз негізде Түрік тілі курсына қатысуға шақырамыз!
Тіркелуге сілтеме https://www.instagram.com/okpu_international.office/ парақшасының биосында берілген.
Осыған ұқсас
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ
13 Наурыз 2026, 11:19
DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ
13 Наурыз 2026, 09:20
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
11 Наурыз 2026, 13:17
AI-SANA: ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚАДАМ
11 Наурыз 2026, 10:27
«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
10 Наурыз 2026, 13:14
ӘЛЕМНІҢ МӘНІ — ӘЙЕЛДЕ!
6 Наурыз 2026, 13:03
УНИВЕРСИТЕТ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ
6 Наурыз 2026, 12:49
ҒАСЫР МЕРЕЙТОЙЫН ТОЙЛАҒАН ҒАЛЫМ ҚАПИРА СӘДУАҚАСОВА АТЫНДАҒЫ ДӘРІСХАНА АШЫЛДЫ
5 Наурыз 2026, 17:29
AI-SANA: Университеттің цифрлық трансформациясындағы стратегиялық қадам
3 Наурыз 2026, 13:39
Қаржылық қауіпсіздік: Цифрландыру және жасанды интелект дәуірінде
2 Наурыз 2026, 10:53