Мектепке дейінгі балалардың дамуын қолдау тақырыбында шеберлік сыныбы өтті
20 Қаңтар 2025, 12:28
Медиа Орталық
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ Оқу процесін цифрлық және әдістемелік қамтамасыздандыру бөлімінің басшысы Гүлмира Есентөреева "Дьенеш блогы, Кюизенер таяқшалары және Никитин кубиктері арқылы мектепке дейінгі балалардың дамуын қолдау" тақырыбында шеберлік сыныбын өтті. Іс-шара «Қысқы мектеп-2025» жобасы аясында «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы» кафедрасының оқытушы-профессор құрамына ұйымдастырылды.
Шеберлік сыныбы оқытушы-профессор құрамына Дьенеш блогы, Кюизенер таяқшалары және Никитин кубиктерімен таныстыру, осы құралдарды қолданудың әдістері мен тәсілдерін көрсету, педагогтердің практикалық дағдыларын дамыту мақсатында ұйымдастырылды.Мұндай шеберлік сынып педагогтардың осы құралдарды пайдалана отырып балалардың логикалық, математикалық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған әдістемелерді игеруіне көмектеседі.
Шебер сыныптың теориялық бөлімінде әр құралдың тарихы және мақсаты, құралдардың мектепке дейінгі балалардың ойлау, математика және шығармашылық қабілеттерін дамытудағы маңыздылығы қарастырылды. Практикалық бөлімде қатысушылар шағын топтарға бөлініп, әр құралды қолданып тапсырмалар орындап, өз жұмыстарын көрсетіп, тәжірибелерімен бөлісті. Қорытынды бөлімінде қатысушылар әсерлерімен бөлісіп, пікірлер мен ұсыныстар талқыланды. Осы қарастырылған әдістемелік-дамытушы құралдарды Г.Есентөреева кафедра ұжымына тарту етті.
Осыған ұқсас
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ
13 Наурыз 2026, 11:19
DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ
13 Наурыз 2026, 09:20
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
11 Наурыз 2026, 13:17
AI-SANA: ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚАДАМ
11 Наурыз 2026, 10:27
«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
10 Наурыз 2026, 13:14
ӘЛЕМНІҢ МӘНІ — ӘЙЕЛДЕ!
6 Наурыз 2026, 13:03
УНИВЕРСИТЕТ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ
6 Наурыз 2026, 12:49
ҒАСЫР МЕРЕЙТОЙЫН ТОЙЛАҒАН ҒАЛЫМ ҚАПИРА СӘДУАҚАСОВА АТЫНДАҒЫ ДӘРІСХАНА АШЫЛДЫ
5 Наурыз 2026, 17:29
AI-SANA: Университеттің цифрлық трансформациясындағы стратегиялық қадам
3 Наурыз 2026, 13:39
Қаржылық қауіпсіздік: Цифрландыру және жасанды интелект дәуірінде
2 Наурыз 2026, 10:53