«Дәулет» жабық спорт кешені пайдалануға берілді
17 Қаңтар 2025, 12:21
Медиа Орталық
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да студенттерге арналған жаңа «Дәулет» жабық спорт кешені пайдалануға берілді.
Жаңа кешеннің ашылу салтанатына Мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, университет Директорлар кеңесінің төрағасы Оразалы Сәбден, ҚР ҰҒА академигі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Оңалбай Аяшев, Басқарма төрағасы – ректор міндетін атқарушы Гүлжан Сүгірбаева және ұжым қатысып, лентасын қиды.
— Қазір әлемдік өркениетке бастайтын даңғыл жол — идея. Ал, идея адамға қайдан келеді, мықты денсаулық пен шыныққан ойдан туындайды. Сондықтан салауатты өмір салты мен спортқа жасалып жатқан жағдай құптарлық,- деді Оразалы Сәбден құттықтау сөзінде.
Бұл — университет оқытушылары мен студенттеріне пайдалану үшін беріліп жатқан екінші жабық кешен. Көлемі 22 метрді, биіктігі 13 метрді құрайды. Кіші футболға арналған алаңда ұлдар мен қыздарға арналған жуынатын және киім ауыстыратын бөлмелер бар. Кешен жылумен және жылы сумен қамтылған. Жаңа стадионға КСРО және Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Дәулет Тұрлыхановтың есімі берілді. Ашылу салтанатында университет оқытушы-професссорлар құрамы арасында өткізілген «Денсаулық» спартакиадасы мәреге жетті. Жеңімпаздар қаржылай сыйлықпен және алғыс хаттармен марапатталды.
Осыған ұқсас
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ
13 Наурыз 2026, 11:19
DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ
13 Наурыз 2026, 09:20
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
11 Наурыз 2026, 13:17
AI-SANA: ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚАДАМ
11 Наурыз 2026, 10:27
«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
10 Наурыз 2026, 13:14
ӘЛЕМНІҢ МӘНІ — ӘЙЕЛДЕ!
6 Наурыз 2026, 13:03
УНИВЕРСИТЕТ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ
6 Наурыз 2026, 12:49
ҒАСЫР МЕРЕЙТОЙЫН ТОЙЛАҒАН ҒАЛЫМ ҚАПИРА СӘДУАҚАСОВА АТЫНДАҒЫ ДӘРІСХАНА АШЫЛДЫ
5 Наурыз 2026, 17:29
AI-SANA: Университеттің цифрлық трансформациясындағы стратегиялық қадам
3 Наурыз 2026, 13:39
Қаржылық қауіпсіздік: Цифрландыру және жасанды интелект дәуірінде
2 Наурыз 2026, 10:53