ҚЫСҚЫ МЕКТЕП СЕМИНАРЫНЫҢ ПРАКТИКАЛЫҚ КЕЗЕҢДЕРІ
13 Қаңтар 2025, 12:09
Медиа Орталық
Қысқы мектеп семинарының үшінші күні білім беру саласындағы өзекті мәселелер аясында тәжірибе алмасумен жалғасты. Атап айтсақ, Академиялық департамент директоры Д.Бердалиев «Дипломдық жұмыс пен жоба: құрылымы мен мазмұндық айырмашылықтары, бағалау жолдары» тақырыбында, бұл айырмашылықтар оқу процесінің ерекшеліктері мен білім алушылардың әртүрлі дағдыларын көрсету үшін маңызды болып табылатындығы туралы нақты ой-пікірімен бөлісті.
Жасанды интеллектті (ЖИ) оқу процесінде қолдану туралы – білім беру саласы үшін өте маңызды әрі заманауи тақырып аясында информатика кафедрасының оқытушы-профессорлар құрамы өз тәжірибелерімен бөлісті. Тәжірибе алмасу білім беру жүйесіне ЖИ технологияларын енгізудің артықшылықтары, мүмкіндіктері мен шектеулері туралы пікір алмасуға, сондай-ақ педагогтер мен білім алушылардың қажеттіліктеріне сәйкес жаңа тәсілдерді қарастыруға мүмкіндік берді.
Практикалық бөлімде қарастырылған бағыттар:
1. Оқыту тиімділігін арттыру: ЖИ технологиялары арқылы оқыту дербестендірілген, икемді және қызықты бола алады. Әр білім алушының білім деңгейі мен қажеттіліктеріне бейімделген жүйелер оқу процесін жеңілдетеді.
2. Уақытты үнемдеу: Оқытушылар ЖИ көмегімен оқу материалдарын дайындауға, тестілеуді автоматтандыруға және оқушылардың үлгерімін талдауға көп уақыт үнемдейді.
3. Жаңа дағдылар қалыптастыру: Семинар барысында оқытушыларға ЖИ құралдарын қолдану арқылы цифрлық сауаттылықты арттыру жолдары үйретілсе, олар білім алушылардың болашаққа қажетті технологиялық дағдыларын дамытуға ықпал етеді.
4. Мәселелерді талқылау: ЖИ-дің білім беру саласындағы кемшіліктері де бар, мысалы, деректер құпиялылығы, қаржылық шығындар немесе технологияны дұрыс қолданбау қаупі. Семинарда бұл мәселелерді талқылау – олардың шешімін табуға жол ашты.
Нәтижесінде:
-Диплом жұмысы мен жоба арасындағы құрылымдық айырмашылық анықталды;
-ЖИ көмегімен білім алушылардың үлгерімін бағалау әдістері қарастырылды;
-ЖИ құралдарын оқыту процесінде қолданудың практикалық мысалдары көрсетілді.
Осыған ұқсас
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ
13 Наурыз 2026, 11:19
DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ
13 Наурыз 2026, 09:20
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
11 Наурыз 2026, 13:17
AI-SANA: ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚАДАМ
11 Наурыз 2026, 10:27
«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
10 Наурыз 2026, 13:14
ӘЛЕМНІҢ МӘНІ — ӘЙЕЛДЕ!
6 Наурыз 2026, 13:03
УНИВЕРСИТЕТ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ
6 Наурыз 2026, 12:49
ҒАСЫР МЕРЕЙТОЙЫН ТОЙЛАҒАН ҒАЛЫМ ҚАПИРА СӘДУАҚАСОВА АТЫНДАҒЫ ДӘРІСХАНА АШЫЛДЫ
5 Наурыз 2026, 17:29
AI-SANA: Университеттің цифрлық трансформациясындағы стратегиялық қадам
3 Наурыз 2026, 13:39
Қаржылық қауіпсіздік: Цифрландыру және жасанды интелект дәуірінде
2 Наурыз 2026, 10:53