ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ САЛАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
10 Қаңтар 2025, 12:06
Медиа Орталық
Қысқы мектеп семинарының екінші күні «Болашақ» бағдарламасы аясында Варшава қаласы, Польша елінде инклюзивті білім беру бойынша тағылымдамадан өткен оқытушылар С.Тұрмаханова, Г.Ахметова, А.Аширбаева, А.Шатаевалардың тәжірибе алмасуы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту саласын жақсартуға үлкен үлес қосады. Мұндай тағылымдамалар инклюзия тәжірибесін дамытудың, оқыту әдістемелерін жетілдірудің және халықаралық тәжірибені қолданудың тиімді құралы болып табылады.
1.Оқыту әдістемелерін жетілдіру: Польшада инклюзивті білім беру саласында қолданылатын заманауи әдістерді үйрену, оқыту процесінде ерекше қажеттіліктері бар балаларды толыққанды тарту тәсілдерін меңгеру туралы;
2.Қолдаудың көп деңгейлі жүйесі: Польша тәжірибесі білім беру мекемелерінде оқушыларға психологиялық, педагогикалық және әлеуметтік қолдау көрсетудің жақсы жүйесін дамытқан. Бұл тәжірибені қазақстандық білім беру жүйесіне енгізу тиімді жолдары;
3.Білім беру мекемелерімен ынтымақтастық: Польшадағы мектептер мен университеттер инклюзивті орта құруда көп еңбек сіңіреді. Мұндай мекемелердің жұмысын тікелей бақылау, олардың тәжірибесін зерттеудің пайдасы туралы;
4. Оқытушылардың біліктілігін арттыру: Польшада инклюзивті білім беруге арналған оқытушыларға қойылатын талаптар жоғары. Олардың кәсіби дамуына арналған курстар мен тренингтер жүйесі жаңа идеялар мен ресурстарды қарастыратыны туралы.
5. Халықаралық серіктестік: Қазақстан мен Польша арасындағы білім саласындағы ынтымақтастықты нығайту, бірлескен жобалар мен конференциялар ұйымдастыру мүмкіндіктері туралы.
Осы аталған бағыттағы тәжірибелермен толыққанды бөлісу үшін университет оқытушы-профессорлар құрамына практикалық бөлімдер ұйымдастырылып, нәтижесінде оқытушылар практикалық тапсырмалар орындау барысында инклюзивті білім беру ортасында қарым-қатынас ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік алды.
Осыған ұқсас
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ
13 Наурыз 2026, 11:19
DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ
13 Наурыз 2026, 09:20
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
11 Наурыз 2026, 13:17
AI-SANA: ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚАДАМ
11 Наурыз 2026, 10:27
«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
10 Наурыз 2026, 13:14
ӘЛЕМНІҢ МӘНІ — ӘЙЕЛДЕ!
6 Наурыз 2026, 13:03
УНИВЕРСИТЕТ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ
6 Наурыз 2026, 12:49
ҒАСЫР МЕРЕЙТОЙЫН ТОЙЛАҒАН ҒАЛЫМ ҚАПИРА СӘДУАҚАСОВА АТЫНДАҒЫ ДӘРІСХАНА АШЫЛДЫ
5 Наурыз 2026, 17:29
AI-SANA: Университеттің цифрлық трансформациясындағы стратегиялық қадам
3 Наурыз 2026, 13:39
Қаржылық қауіпсіздік: Цифрландыру және жасанды интелект дәуірінде
2 Наурыз 2026, 10:53