«Білім-қазына» қоғамдық қоры кітап табыс етті
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетіне арнайы келген «Білім-қазына» қоғамдық қорының директоры Сейітмұхаммет Әбдунаим болашақ дінтанушы мамандарға арналған кітаптар табыс етті.
«Дін әлеуметтануына кіріспе», «Қажылық және Умра ғибадаттарын үйрену», «Тәңіршілдік», «Жаңа муалим сәни», «Тағдыр кітабы» деп аталатын бұл оқулықтар ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен рұқсат етілген.
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ оңтүстік өңірінде «Әлем тарихы және дінтану кафедрасын» алғаш болып ашқан. Қазіргі кезде дінтанушы мамандарды даярлауда аталған оқулықтардың маңызы зор. Қор директоры алдағы жоспарларымен бөліссе, университет Басқарма төрағасы-ректор міндетін атқарушы Гүлжан Сүгірбаева білікті мамандармен бірлесіп жұмыс істеуге ниет білдірді.
Осыған ұқсас
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ
DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
AI-SANA: ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚАДАМ
«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
ӘЛЕМНІҢ МӘНІ — ӘЙЕЛДЕ!
УНИВЕРСИТЕТ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ
ҒАСЫР МЕРЕЙТОЙЫН ТОЙЛАҒАН ҒАЛЫМ ҚАПИРА СӘДУАҚАСОВА АТЫНДАҒЫ ДӘРІСХАНА АШЫЛДЫ
AI-SANA: Университеттің цифрлық трансформациясындағы стратегиялық қадам