Zhanibekov university logo

ТАЛАНТТАРДЫҢ ТӘЛІМГЕРІ — ІІІ

Қар. 8, 2024, 2:24 Т.Қ. Медиа Орталық

— Болашақ педагогтар тек білім берумен ғана емес, шығармашылықпен де айналысуы тиіс. Біз осыған көп мән береміз, мақсатты түрде жұмыс істейміз. Концерттік шараларымыздың ешқайсысы студенттердің қатысуынсыз өтпейді, бұл оларды шыңдайды. Үмітімізді ақтап, жарыстардан жүлдесіз қайтқан кездері де жоқ. Кейбір фестивальдарға тіпті өзіміз оқытқан студенттер шәкірттерін әкеліп, бізбен өнер бәсекесінде бақ сынасып жатады. Бұған қуанбасақ, ренжімейміз, - дейді Алена Төребекқызы.
Үздіксіз ізденіс пен ұстаздар еңбегінің жемісі арқасында кафедра бүгінде қанатын кеңге жайып, екі-үш топқа дейін музыканттар даярлайды. Бұрын небәрі бір топта 4, 10 студент болса, жыл өткен сайын екі-үш топқа дейін көбейіп, әрқайсысында кемі 20-25 маман оқуға қабылдануда. «Бұл оқытушылардың біліктілігі мен біліміне талапкерлердің сенім артуы, сондай-ақ, университет имиджінің оң қалыптасуынының әсері деп айта аламын» дейді біздің кейіпкер.
Қорыта келгенде, бүгінде музыка білімінің даму бағыттары өзгеріп жатыр. Екіншіден, қазақ музыкасының алдында да заман ағымына байланысты өзекті мәселелер туындауда. Оның ең бастысы – ұлттық музыкамызды сақтап қалу, ұлттық ән-күйлеріміздің тінін бұзбай, ата-бабамыздан келе жатқан саф күйінде келесі ұрпаққа жеткізу. Ал осы тұрғыдан алғанда мектептегі музыка пәнінің рөлі де айтарлықтай жоғары болуы міндетті. Міне осы мақсатқа таланттарды талмай оқытып жүрген тәлімгердің еңбегі жуырда ресми еленіп, кеудесінде «Құрмет» ордені жарқырады!
Лаура ТАСТАНБЕК