"Ұлт үшін, ұрпақ үшін ғұмыр кешкен Абай және Өзбекәлі" тақырыбында кездесу өтті
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде "Ұлт үшін, ұрпақ үшін ғұмыр кешкен Абай және Өзбекәлі" тақырыбында кездесу өтті. Шараны тарих және педагогика факультеті, "Әлем тарихы және дінтану" кафедрасының аға оқытушысы, т.ғ.к А.Әбдіханова және студенттер ұйымдастырды.
Кездесу қонағы — "Қазақстан жазушылар одағының" мүшесі, ақын, аудармашы Абай Қалшабек. Тағылымды тәрбие сабағында хәкім Абай Құнанбайұлының өшпес мұралары мен ұлт жанашыры Өзбекәлі Жәнібековтің өнегелі өмір жолы туралы айтылып, білім мен тәрбиенің маңыздылығын, ұлтқа қызмет етудің, өмірде дұрыс бағыт таңдаудың құндылығын түсіндіріп, өз тәжірибесімен бөлісті. Абай Батырұлының шынайы әңгімелері мен кеңестері студенттерге ерекше әсер қалдырды.
Осыған ұқсас
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ
DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
AI-SANA: ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚАДАМ
«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
ӘЛЕМНІҢ МӘНІ — ӘЙЕЛДЕ!
УНИВЕРСИТЕТ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ
ҒАСЫР МЕРЕЙТОЙЫН ТОЙЛАҒАН ҒАЛЫМ ҚАПИРА СӘДУАҚАСОВА АТЫНДАҒЫ ДӘРІСХАНА АШЫЛДЫ
AI-SANA: Университеттің цифрлық трансформациясындағы стратегиялық қадам