ЖАСТАР «ӘЗ-ҰЯ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ АЛТЫНБЕК БОРАНБЕКПЕН КЕЗДЕСТІ
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің жастары «Әз-ұя» қоғамдық бірлестігінің директоры Алтынбек Боранбекпен кездесті.
Кездесу қонағы болашақ ұстаздарға кәсіби қабілет, оны жаһандық талаптармен ұштастыру тетіктері жайлы ой қозғады. Оқу бағдарламасынан бөлек, нағыз педагогикалық жаңашыл көзқарастар жүйесін жіктеп түсіндірді.
Педагог-психолог маманның өзгерістің өзегі қабілетті мұғалім екенін қатысушы әрбір жас жете сезінді. Ішкі тіректі қуаттандыру, рухани азық, мәдени көзқарастар тоғысы мен шәкіртке сенім арту үдерісін қалыптастыру туралы ойлары жастарды баурады.
Кездесу соңы сұрақ-жауапқа ұласты. Танымды шараны «Талант» апгрейд орталығы ұйымдастырды.
Осыған ұқсас
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ
DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
AI-SANA: ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚАДАМ
«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
ӘЛЕМНІҢ МӘНІ — ӘЙЕЛДЕ!
УНИВЕРСИТЕТ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ
ҒАСЫР МЕРЕЙТОЙЫН ТОЙЛАҒАН ҒАЛЫМ ҚАПИРА СӘДУАҚАСОВА АТЫНДАҒЫ ДӘРІСХАНА АШЫЛДЫ
AI-SANA: Университеттің цифрлық трансформациясындағы стратегиялық қадам