АҚШ, ТЕХАС УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ОҚУҒА ШАҚЫРДЫ
5 Желтоқсан 2024, 16:42
Медиа Орталық
АҚШ-тың Эль-Пасодағы Техас университетінің профессоры Мурат Чошанов Шымкент қаласы оқушыларын Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да оқуға шақырды. Мурат Чошанов Фулбрайт бағдарламасымен Қазақстандағы педагогикалық ЖОО зерттеу үшін келген, соның ішінде бір ай бойы Жәнібеков университетінде зерттеу жүргізді. Физика және математика факультетінің докторанттары мен магистрлері, бакалавриат дәрежесінде білім алушылардың сабағына қатысты.
— Университеттерді зерттей келгенде сіздердің білімгерлеріңізден ерекшелік байқалады. Студенттеріңіздің тәрбиесі, адами қарым-қатынасы сүйсінтті. Оқыту әдістемелеріңіздің сапалы екеніне көз жеткіздім және жоғары білім беруде жаңа технология мүмкіндіктерін жиі пайдаланады екенсіздер. Сонымен қатар, жастарға ұлттық құндылықтарыңыз туралы көп айтасыздар, — дейді профессор.
Жәнібеков университетіне осындай баға берген Техас профессоры Мурат Чошанов Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі мен Шымкент қаласындағы ер балаларға арналған №1 «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып бітіруші түлектерін ОҚПУ-да оқуға шақырды. Кәсби бағдар жұмысын жүргізу тобында Академиялық істер департаментінің директоры, ф-м.ғ.к. Дәулетбай Бердалиев, физика-математика факультетінің деканы, п.ғ.к. Альмира Ибашова, аға оқытушы Г. Жетпісбаева болды. Кездесуде мектеп түлектерін университетке оқуға қабылдау талаптары, білім беру бағдарламалары таныстырылып, ақпараттық парақшалар таратылды.
Осыған ұқсас
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ
13 Наурыз 2026, 11:19
DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ
13 Наурыз 2026, 09:20
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
11 Наурыз 2026, 13:17
AI-SANA: ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚАДАМ
11 Наурыз 2026, 10:27
«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
10 Наурыз 2026, 13:14
ӘЛЕМНІҢ МӘНІ — ӘЙЕЛДЕ!
6 Наурыз 2026, 13:03
УНИВЕРСИТЕТ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ
6 Наурыз 2026, 12:49
ҒАСЫР МЕРЕЙТОЙЫН ТОЙЛАҒАН ҒАЛЫМ ҚАПИРА СӘДУАҚАСОВА АТЫНДАҒЫ ДӘРІСХАНА АШЫЛДЫ
5 Наурыз 2026, 17:29
AI-SANA: Университеттің цифрлық трансформациясындағы стратегиялық қадам
3 Наурыз 2026, 13:39
Қаржылық қауіпсіздік: Цифрландыру және жасанды интелект дәуірінде
2 Наурыз 2026, 10:53