ҰҒА АКАДЕМИГІ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР КӘРІМБЕК ҚҰРМАНӘЛИЕВПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
3 Желтоқсан 2024, 19:07
Медиа Орталық
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да Президент жанындағы Ұлттық құрылтай мүшесі, Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясы Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры, ҰҒА академигі, ф.ғ.д., профессор Кәрімбек Құрманәлиевпен кездесу өтті.
Кәрімбек Арыстанбекұлы кездесуде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Атырауда өткен ІІІ Ұлттық құрылтай отырысында ұлттық құндылықтарды ұлықтау бойынша көтерген бастамаларын студенттерге түсіндірді. Ұлттық педагогика бағытында батыл бастамаларды жүзеге асырып отырған университет жұмысына ризалығын білдірді.
—Университетке Өзбекәлі Жәнібеков атауын беріп, арнайы орталық ашып, ұлттық тәрбие мен құндылықтарды жүзеге асырып, жастар санасына тоқуларыңыз құрылтай отырысында айтылған бастамалармен қабысатын оң тірлік деп білемін, —деген Кәрімбек Арыстанбекұлы ғылым мен жоғары білім саласында атқарылып жатқан игі бастамаларға да тоқталды.
Ашық дәрісті университет Басқарма төрағасы-ректор міндетін атқарушы Гүлжан Сүгірбаева жүргізді. Кездесу қонағына студенттер ойлы, мағыналы сұрақтарын жолдап, тұшымды жауап алды.
Осыған ұқсас
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ
13 Наурыз 2026, 11:19
DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ
13 Наурыз 2026, 09:20
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
11 Наурыз 2026, 13:17
AI-SANA: ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚАДАМ
11 Наурыз 2026, 10:27
«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
10 Наурыз 2026, 13:14
ӘЛЕМНІҢ МӘНІ — ӘЙЕЛДЕ!
6 Наурыз 2026, 13:03
УНИВЕРСИТЕТ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ
6 Наурыз 2026, 12:49
ҒАСЫР МЕРЕЙТОЙЫН ТОЙЛАҒАН ҒАЛЫМ ҚАПИРА СӘДУАҚАСОВА АТЫНДАҒЫ ДӘРІСХАНА АШЫЛДЫ
5 Наурыз 2026, 17:29
AI-SANA: Университеттің цифрлық трансформациясындағы стратегиялық қадам
3 Наурыз 2026, 13:39
Қаржылық қауіпсіздік: Цифрландыру және жасанды интелект дәуірінде
2 Наурыз 2026, 10:53