МЕКТЕП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ БАҒДАРЛАМАСЫ МИНИСТРЛІКТЕ МАҚҰЛДАНДЫ
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті мектеп бағдарламасының күрделі тақырыптарын оқытуда әдістемелік көмек көрсетуге бағытталған 5 білім беру бағдарламасын әзірлеген болатын.
Жақында осы бағдарлама ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті «Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы
4 мамырдағы № 175 бұйрығына сәйкес келеді деп танылып, бекітілді.
Бағдарлама қамтитын бес бағыт ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің пәндік-кәсіби құзыреттіліктерін дамыту, биология пәні мұғалімінің білім беру процесін сапалы ұйымдастыруда кәсіби құзыреттілігін дамыту, география пәні мұғалімінің пәндік-кәсіби құзыреттілігін дамыту. Сондай-ақ, нәтижеге бағытталған білім беру жүйесінде заманауи әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, математика пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту, химия пәні мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін арттырудағы заманауи педагогикалық технологиялар мен әдіс-тәсілдер болып табылады. Курс бағдарламаларының авторлары — Гүлмира Есентөреева, Серікбек Шитыбаев, Маржан Егембергенова, Болат Атыбай, Қалбибі Тасқараева.
Осыған ұқсас
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті жастар практикасы бағдарламасы аясында жас мамандарды жұмысқа шақырады
ҚАЛА МЕКТЕПТЕРІНДЕ КАФЕДРА ФИЛИАЛДАРЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
ZHANIBEKOV СТУДЕНТТЕРІ 100-ДЕН АСТАМ МЕКТЕПТЕ КӘСІПТІК ПРАКТИКАДАН ӨТЕДІ
Хабарландыру. 22.01.2026
СТУДЕНТІМІЗ АЛУА ЖҰМАДІЛДА SHYMKENT OPEN-2026 ЖЕҢІМПАЗЫ
Хабарландыру. 17.05.2024
«ДЕНСАУЛЫҚТЫҢ» БИЫЛҒЫ МЫҚТЫЛАРЫ КІМ?
ТӘЛІМГЕР ҚЫЗМЕТІ: ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ БАҒЫТТАРЫ
«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ ІС-ҚАҒАЗ ЖҮРГІЗУ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ