УНИВЕРСИТЕТ ҒАЛЫМДАРЫ “ЖАС СӘТБАЕВШЫЛАР” І КОНГРЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ
Өзбекәлі
Жәнібеков атындағы ОҚПУ жас ғалымдары Алматы қаласында өткен “Жас Сәтбаевшылар”
І Қазақстан жас ғалымдарының конгресіне қатысты.
Конгресс аясында гранттық қаржыландыру
шеңберінде аяқталған жас ғалымдардың заманауи инновациялық әзірлемелерінің
көрмесі және кітап көрмесі болды. Ал екінші күні Абай атындағы Қазақ ұлттық
университетіндегі “Қоғамдық -гуманитарлық және өнер” ғылым саласындағы “Елдің
зияткерлік әлеуеті” басым бағыты бойынша секциялық отырыс өтті.
Отырыста “Ерте кәсіптік бағдар беру
Қазақстан Республикасындағы жоғары білімнің қолжетімділігін арттыру механизмі
ретінде” тақырыбында Басқарма мүшесі-академиялық мәселелер жөніндегі проректор
Айнаш Құдышева жоба нәтижесі негізінде баяндама жасады. Жалпы конгреске
университеттің жас ғалымдары А. Құдышева, Б.Нұриман, Б. Уәлиханова, М.
Дүйсенова және Э.Ахметова қатысты.
Осыған ұқсас
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ
DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
AI-SANA: ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚАДАМ
«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
ӘЛЕМНІҢ МӘНІ — ӘЙЕЛДЕ!
УНИВЕРСИТЕТ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ
ҒАСЫР МЕРЕЙТОЙЫН ТОЙЛАҒАН ҒАЛЫМ ҚАПИРА СӘДУАҚАСОВА АТЫНДАҒЫ ДӘРІСХАНА АШЫЛДЫ
AI-SANA: Университеттің цифрлық трансформациясындағы стратегиялық қадам