БОЛАШАҚ ШОҚАН ҚАЙДАН ШЫҒАДЫ?
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің жаратылыстану факультетінің география кафедрасы аймақтық олимпиада өткізді. Шоқан Уәлихановтың 190 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған пән сайысына 10-11 сынып оқушылары қатысты. Барлығы 25 мектептен 110 оқушы география пәнінен білім жарыстырды. Жарыстың мақсаты — география мамандығының маңызын арттыру арқылы болашақ Шоқандарды тәрбиелеуге арналды.
Кафедра оқытушылары университетке келген оқушыларды Өзбекәлі Жәнібеков орталығы, Әбсаттар Дербісәлі атындағы кітапхана, география кафедрасы мен №1-жатақханаға апарып, экскурсия жасады. Кафедра меңгерушісі Ақмарал Тажекова университетке оқуға түсуге шақырып, кәсіби бағдар жүргізді. Ал, оқытушылар К. А. Тасқараева мен Қ. Налмышева қала мектептерінің география пәні мұғалімдеріне арналған “Географияны оқытудағы өзекті мәселелер” тақырыбында оқу-әдістемелік семинар өткізді.
Теориялық және тәжірибелік екі кезеңнен тұрған олимпиадада 40 оқушы 2-кезеңге өтіп, 12 оқушы жүлделі орындарды иеленді, ал 28 оқушы сертификатпен марапатталды. Жеңімпаздар диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Осыған ұқсас
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ
DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
AI-SANA: ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚАДАМ
«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
ӘЛЕМНІҢ МӘНІ — ӘЙЕЛДЕ!
УНИВЕРСИТЕТ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ
ҒАСЫР МЕРЕЙТОЙЫН ТОЙЛАҒАН ҒАЛЫМ ҚАПИРА СӘДУАҚАСОВА АТЫНДАҒЫ ДӘРІСХАНА АШЫЛДЫ
AI-SANA: Университеттің цифрлық трансформациясындағы стратегиялық қадам