КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖДІҢ АРНАУ КЕШІ
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ
жанындағы Жүсіпбек Аймауытұлы көпсалалы колледжі биыл алғаш рет бірінші курс
студенттеріне арнау кешін ұйымдастырды.
Думанды шара университет Басқарма
төрағасы-ректор міндетін атқарушы Гүлжан Сүгірбаеваның құттықтау сөзімен
ашылды. Сондай-ақ, Басқарма мүшесі-академиялық мәселелер жөніндегі проректор
Айнаш Құдышева, тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаментінің директоры
Қайрат Анарбаев, колледж директоры Жанна Тұңғатарова, директордың оқу ісі
жөніндегі орынбасары Гүлназ Өмірзаққызы қатысып, болашаққа жаңа қадам бастаған
білімгерлерге сәттілік тіледі.
Айта кетерлігі, биыл колледж өзінің
алғашқы білімгерлерін қабылдап, түрлі мамандыққа даярлауда. Сондықтан, алғашқы
қабылданушылардың алғашқы арнау кешін университеттегі тарихи оқиға десек те
болады. Салтанатты шара соңы думанды кешке жалғасып, жастар қызықты ойын ойнап,
би билеп, ән салды.
Осыған ұқсас
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті жастар практикасы бағдарламасы аясында жас мамандарды жұмысқа шақырады
ҚАЛА МЕКТЕПТЕРІНДЕ КАФЕДРА ФИЛИАЛДАРЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
ZHANIBEKOV СТУДЕНТТЕРІ 100-ДЕН АСТАМ МЕКТЕПТЕ КӘСІПТІК ПРАКТИКАДАН ӨТЕДІ
Хабарландыру. 22.01.2026
СТУДЕНТІМІЗ АЛУА ЖҰМАДІЛДА SHYMKENT OPEN-2026 ЖЕҢІМПАЗЫ
Хабарландыру. 17.05.2024
«ДЕНСАУЛЫҚТЫҢ» БИЫЛҒЫ МЫҚТЫЛАРЫ КІМ?
ТӘЛІМГЕР ҚЫЗМЕТІ: ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ БАҒЫТТАРЫ
«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ ІС-ҚАҒАЗ ЖҮРГІЗУ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ