ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВТІҢ ЕҢБЕКТЕРІН ЖАСТАРҒА ТАНЫТУ МАҚСАТЫНДА АШЫҚ ТӘРБИЕ САҒАТЫ ӨТТІ
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде тұлғатану бағытында мемлекет қайраткері, этнограф, тарих ғылымдарының кандидаты Өзбекәлі Жәнібековтің еңбектерін жастарға таныту мақсатында ашық тәрбие сағаты өтті. Іс-шараны тарих және педагогика факультетінің «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мұғалімін даярлау» мамандығының оқу тобы ұйымдастырды.
Топ жетекшісі Ләззат Ақынова студенттерге тұлға туралы жан-жақты түсінік беріп, университетте рух сардарының есімін ұлықтау үшін атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды. Студент Мақтабек
Әмина өзі шығарған «Өзбекәлі өсиеті» өлеңін оқып берді. Факультет деканы Гүлдариға Таутаева жәнібековтану бағытындағы жұмыстар жастар арасында жалғасын
табатынын айтады.
Осыған ұқсас
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ
DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
AI-SANA: ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚАДАМ
«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
ӘЛЕМНІҢ МӘНІ — ӘЙЕЛДЕ!
УНИВЕРСИТЕТ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ
ҒАСЫР МЕРЕЙТОЙЫН ТОЙЛАҒАН ҒАЛЫМ ҚАПИРА СӘДУАҚАСОВА АТЫНДАҒЫ ДӘРІСХАНА АШЫЛДЫ
AI-SANA: Университеттің цифрлық трансформациясындағы стратегиялық қадам