ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР ДЕ УНИВЕРСИТЕТТЕ ОҚИ АЛАДЫ
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде «Күміс университет» жобасының аясында ашылған «Балаларды ерте жастан дамыту» білім беру бағдарламасында қазіргі таңда 10 білім алушы оқып жатыр. Курс тыңдаушылары елуден асқан зейнеткер апалар мен әжелер. Сабақты мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы кафедрасының аға оқытушысы, ұлағатты ұстаз Жұпар Балажанова жүргізуде.
«Күміс университет» жобасының негізгі міндеті – зейнеткерлік жастағы азаматтардың қазіргі өмірге сәтті бейімделуі үшін өздігінен білім алу және өзін-өзі жетілдіру үшін жағдай жасау және қарияларымыздың бос уақытын тиімді ұйымдастыру. Егер де сіздің де жасыңыз елуден асса бізге тегін оқуға келуіңізге болады. Күміс университеттегі оқу жылы 1 қыркүйектен 1 маусымға дейінгі кезеңді қамтиды. Сабақ аптасына 2 рет кестеге сәйкес жүргізіледі, әрқайсысының ұзақтығы 1-2 академиялық сағатты құрайды.
Осыған ұқсас
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ
DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
AI-SANA: ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚАДАМ
«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
ӘЛЕМНІҢ МӘНІ — ӘЙЕЛДЕ!
УНИВЕРСИТЕТ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ
ҒАСЫР МЕРЕЙТОЙЫН ТОЙЛАҒАН ҒАЛЫМ ҚАПИРА СӘДУАҚАСОВА АТЫНДАҒЫ ДӘРІСХАНА АШЫЛДЫ
AI-SANA: Университеттің цифрлық трансформациясындағы стратегиялық қадам