ТАЛАНТТАРДЫҢ ТӘЛІМГЕРІ — ІІ
8 Қараша 2024, 14:22
Медиа Орталық
Ал, соңғы он жылдан бері кафедра меңгерушісі болып қызмет атқарып жүрген білікті маманның музыка пәнін оқыту туралы ойлары құптарлық.
— Пәнге қатып қалған ұғым-түсініктер тұрғысынан емес, шығармашылық тұрғыда қарауымыз керек. Мұғалім әдемі дауыстың иесі болуымен қатар, бір аспапты шебер меңгеру арқылы оқушылар санасына музыканы жақындата алады. Сондықтан пәнді оқытудың педагогикалық негіздерін сапалы оқытуға көңіл бөлеміз. Болашақ мамандардың үлгерімін бағалауда да оларға шығармашылық иесі ретінде қарау керек. Олар көбіне көңіл-күйдің, шабыттың жетегінде жүретініне түсіністікпен қарауға тиіспіз, талантты балалар еркіндікті сүйеді, - дейді маман.
Білікті ұстаз оқыту процесінде дәстүрлі және жаңа технологияны сабақтастырып, құстың қос қанатындай тең ұстайды. Ұлттық музыканы жаңа технологияның жетістіктерімен сіңірмесе, бүгінгі ұрпақтың қабылдауы неғайбыл. Жаңартылған бағдарлама, жабдықтардың көмегі бұл ретте жылдан-жылға жақсарып келеді. Мәселен, жаңадан шыққан клавиатура аспабы нотаны компьютерде жазуды үйретеді, пианино, гармония, вокал сабақтарын оқытуды жеңілдетеді.
Ал, биыл университетте өнерпаз студенттер үшін смарт тақта сатып алынды. Ол түрлі музыкалық бағдарламаларды ойын түрінде үйретіп, қызықтырады. Кафедрада Айман Қарсыбаева, Ғалия Жомартова, Марина Лес, Жанат Сәкібекова, Рая Таубаева сияқты сахна өнерінің сан қырын меңгерген мамандар білгенін үйретуден жалықпайды. Түлектерге де мықты мектептерден сұраныстың мол болуы білікті педагогтардың еңбегінің жемісі. Шымкенттегі №65 мектеп жыл сайын аттай қалап, мұғалім болуға шақырғанмен, түлектердің таңдауы өнердің үлкен ортасы Алматы болыпты.
Осыған ұқсас
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ
13 Наурыз 2026, 11:19
DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ
13 Наурыз 2026, 09:20
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
11 Наурыз 2026, 13:17
AI-SANA: ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚАДАМ
11 Наурыз 2026, 10:27
«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
10 Наурыз 2026, 13:14
ӘЛЕМНІҢ МӘНІ — ӘЙЕЛДЕ!
6 Наурыз 2026, 13:03
УНИВЕРСИТЕТ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ
6 Наурыз 2026, 12:49
ҒАСЫР МЕРЕЙТОЙЫН ТОЙЛАҒАН ҒАЛЫМ ҚАПИРА СӘДУАҚАСОВА АТЫНДАҒЫ ДӘРІСХАНА АШЫЛДЫ
5 Наурыз 2026, 17:29
AI-SANA: Университеттің цифрлық трансформациясындағы стратегиялық қадам
3 Наурыз 2026, 13:39
Қаржылық қауіпсіздік: Цифрландыру және жасанды интелект дәуірінде
2 Наурыз 2026, 10:53