ТАРИХШЫ МАМАНДЫҒЫНАН МӘН ТАПҚАН
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ Стратегиялық даму және әлеуметтік істер жөніндегі проректор Баршагүл Исабек студенттерге дәріс оқыды.
Ашық дәрісте Баршагүл Қашқынқызы болашақ тарихшыларға өздері таңдаған мамандық туралы өмірлік тәжірибесімен бөлісті. Қапира Сәдуақасова, Хангелді Әбжанов, Сағынғали Әубәкіров сияқты ұстаздардың ұлағатын жастарға ұғындырды.
Мамандықтың мәнін қаншама білікті шәкірт тәрбиелеуден тапқан Баршагүл Исабек әр адам өзі сүйіп атқаратын жұмысымен қандай жетістікке жетуге болатынын да айтты. Мысалы ол тарихшы мамандығы арқылы еңбек жолында сатылап жоғарылап, бірнеше елдерді қызметтік сапармен аралады. Әлемнің жеті кереметі саналатын таңғажайып мекендер мен Жапония, Германия, тағы басқа дамыған елдердің археологиялық музейлері мен аэроғарыштарында болған. Бұл болашақ тарих пәнінің мұғалімі атанатын студенттерге зор мотивация болды. Студенттер дәріс соңында түрлі сұрақтар қойып, өнер көрсетті.
Осыған ұқсас
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ
DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
AI-SANA: ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚАДАМ
«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
ӘЛЕМНІҢ МӘНІ — ӘЙЕЛДЕ!
УНИВЕРСИТЕТ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ
ҒАСЫР МЕРЕЙТОЙЫН ТОЙЛАҒАН ҒАЛЫМ ҚАПИРА СӘДУАҚАСОВА АТЫНДАҒЫ ДӘРІСХАНА АШЫЛДЫ
AI-SANA: Университеттің цифрлық трансформациясындағы стратегиялық қадам