УНИВЕРСИТЕТ ТАРИХЫНДА АЛҒАШ РЕТ
7 Қараша 2024, 16:46
Медиа Орталық
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2024 жылғы 05 қарашадағы № 1011 «Философия докторы (PhD) дәрежесін беру туралы» бұйрығына сәйкес диссертациялық кеңестің докторанты Белесова Дамираға 8D01503 – Информатика педагогогін даярлау білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі беріледі. Бұл 87 жылдық тарихы бар университетте орын алып отырған алғашқы айтулы ғылыми жетістік.
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті бекітілген тәртіппен философия докторы (PhD) дәрежесі дипломының жазылуын және берілуін ұйымдастыруын қамтамасыз ететін болады.
Естеріңізде болса, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да 2024-2027 жылдар аралығында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің 2024 жылғы 01 ақпандағы №171 бұйрығына сәйкес «8D015 – Жаратылыстану-ғылыми пәндер бойынша педагогтарды даярлау» кадрларды даярлау бағытында: «8D01503 – Информатика педагогін даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша диссертациялық кеңес ашылған еді.
03.07.24 ж. диссертациялық кеңесте педагогика ғылымдарының кандидаты Альмира Ибашованың жетекшілгімен ізденуші Белесова Дамираның философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындаған «Бастауыш сынып оқушыларын программалауға оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері» тақырыбындағы зерттеу жұмысы сәтті қорғалды.
Осыған ұқсас
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті жастар практикасы бағдарламасы аясында жас мамандарды жұмысқа шақырады
27 Қаңтар 2026, 12:36
ҚАЛА МЕКТЕПТЕРІНДЕ КАФЕДРА ФИЛИАЛДАРЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
26 Қаңтар 2026, 14:31
ZHANIBEKOV СТУДЕНТТЕРІ 100-ДЕН АСТАМ МЕКТЕПТЕ КӘСІПТІК ПРАКТИКАДАН ӨТЕДІ
23 Қаңтар 2026, 17:36
Хабарландыру. 22.01.2026
22 Қаңтар 2026, 17:21
СТУДЕНТІМІЗ АЛУА ЖҰМАДІЛДА SHYMKENT OPEN-2026 ЖЕҢІМПАЗЫ
22 Қаңтар 2026, 13:01
Хабарландыру. 17.05.2024
22 Қаңтар 2026, 11:20
«ДЕНСАУЛЫҚТЫҢ» БИЫЛҒЫ МЫҚТЫЛАРЫ КІМ?
16 Қаңтар 2026, 17:17
ТӘЛІМГЕР ҚЫЗМЕТІ: ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ БАҒЫТТАРЫ
15 Қаңтар 2026, 12:32
«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ ІС-ҚАҒАЗ ЖҮРГІЗУ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ
14 Қаңтар 2026, 16:44
Хабарландыру 14.01.2026
14 Қаңтар 2026, 11:33