Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ Тарих және педагогика факультетінің деканы Гүлдариға Таутаеваның бастамасымен белсенді жастар "Қазына" ғимаратының фойесінде, студенттерге арналған кітап бұрышы ашылды. Гүлдариға Батыршақызы ардагер ұстаз, п.ғ.д., профессор Ілесхан Сманов, Тарих және педагогика факультетінің кафедра меңгерушілері құттықтау сөз сөйлеп, студент жастарға жылы лебіздерін білдіріп, кітап оқып, білімге ұмтылуға шақырды.
Оқуға құштар алдағы уақытта кітап бұрышынан айналып өтпейтіні анық. Барша студенттерді кітап оқып, білімін шыңдауға шақырамыз...