Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ Жаратылыстану факультетінің деканы Айгүл Айтбаеваның ұйымдастыруымен ақын Қадыр Мырза Әлінің 90 жылдық мерейтойына арналған «Қадыр жыры: Қазақтың жүрек үні» атты поэзиялық кеш өтті.
Кештің мақсаты — ұлы ақынның рухани мұрасын дәріптеу, жастарға оның шығармашылығының құндылығын насихаттау.
Іс-шараға Тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаментінің директоры Қайрат Анарбаев, жастармен жұмыс бөлімі басшысының м. а Нұргерім Нұрлан, ұстаздар мен студенттер қатысты.
Университеттің Ә.Дербісәлі атындағы ғылыми кітапхана басшысының орынбасары Роза Төкенова ақын өлеңіне жазылған бірнеше әнді гитарамен нәшіне келтіре шырқап, шығу тарихын баяндады. Ақын Қадыр Мырза Әлі туралы арнайы бейнеролик көрсетіліп, студенттер Анарбек Аяжан, Жолдыбек Анизат, Ердеш Заңғар, Мұқағали Мұхиддинұлы, Қожамқұлова Ұлжан және Көлбай Ақерке өлең оқыды. Сондай-ақ, факультеттер арасында ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған әдеби сайыстар ұйымдастырылды. Сайысқа Спорт және денешынықтыру , Тарих және педагогика, Өнер және білім, Физика-математика және Филология факультеттерінің студенттері қатысып, жеңімпаздарға арнайы марапаттар табысталды.
Сайыс нәтижесі бойынша
Тарих және педагагогика «Ұйымшыл факультет», Өнер және білім, «Белсенді факультет» номинацияларын, ІІІ орынды «Физика – математика факультеті», ІІ орынды «Филология» факультеті, І орынды «Спорт» факультеті иемденді.
Кешті қорытындылаған Айгүл Ергенқызы белсенді студенттерге қазіргі трендтегі “Отбасы хрестоматиясы” баспасы шығарған әдеби кітаптарды сыйлыққа табыстады.