31 МАМЫР – САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ КҮНІ
⠀
Университетіміздің Өзбекәлі Жәнібеков орталығында саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу мақсатында тарихшы-зерттеушілермен мазмұнды кездесу өтті.
⠀
Іс-шараға университеттің Әлем тарихы және дінтану, Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедраларының профессор-оқытушылары, сондай-ақ жазғы лагерь аясында келген қала мектептерінің оқушылары қатысты. Кездесуді тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаментінің директоры Қайрат Анарбаев жүргізді.
Шара аясында ашаршылық мәселелері, Сайрам ауданындағы қуғын-сүргін құрбандарын ақтау, Алаш қозғалысының Түркістандағы зерттелуі, Қазақстанға депортацияланған халықтардың тарихы мен
Тәуелсіздік үшін күрескен қайраткерлер туралы зерттеулер тыңдалды.
⠀
Іс-шара барысында қатысушылар тағылымды тарихи деректермен танысып, зұлмат жылдар құрбандарына тағзым етті.
Осыған ұқсас
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ
DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
AI-SANA: ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚАДАМ
«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
ӘЛЕМНІҢ МӘНІ — ӘЙЕЛДЕ!
УНИВЕРСИТЕТ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ
ҒАСЫР МЕРЕЙТОЙЫН ТОЙЛАҒАН ҒАЛЫМ ҚАПИРА СӘДУАҚАСОВА АТЫНДАҒЫ ДӘРІСХАНА АШЫЛДЫ
AI-SANA: Университеттің цифрлық трансформациясындағы стратегиялық қадам