Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру кафедрасының оқытушылар құрамы Шымкент қаласындағы бірнеше жалпы орта мектептерге барып, кәсіби бағдар мақастында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Атап айтқанда, магистр-оқытушылар А.Жұмабаев, М.Катешов, Т.Түймебай №91,92,98,100 жалпы орта мектептеріне барып университет жайлы бейнероликпен таныстырды. Бітіруші сынып оқушылары мен мектеп мұғалімдерінің магистратураға түсу туралы
сұрақтарына жауап берілді.
Сондай-ақ, аға оқытушы Г. Жүсіпова, магистр-оқытушы Д. Батаев, аға оқытушы К. Айдарбеков қаладағы N94,96,97 жалпы орта мектептерін аралады. Аға оқытушы Н.А.Егембердиев пен оқытушы Ү.Усаев N93,95 мектеп бітірушілерімен мамандықтар туралы ой бөлісті.