Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ тарихшылары Түркістан облысының Сайрам, Төлеби ауданына қарасты бірнеше мектептерін аралап, кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізді.
Маркетинг бөлімінің басшысы А.Қылышбаев бастаған үгіт-насихат тобы университет тынысына арналған таныстырылым жасады. Биыл мектеп бітіретін оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, жоғары оқу орнының мүмкіндіктерін баяндады.
Болашақ педагог болғысы келетін жас буын оқу орнына қызығушылықтарын білдірді. Кәсіби
бағдар жұмыстары жалғасын табуда.