«Инклюзивті білім беру барлық балаларға бірдей сапалы білім береді ме?» тақырыбында пікірсайыс өтті
1 Қараша 2024, 16:35
Медиа Орталық
Арнайы педагогика кафедрасының оқытушылары А. Әшірбаева мен А. Шатаеваның ұйымдастыруымен 1901-11,1901-21 топтарының арасында «Инклюзивті білім беру барлық балаларға бірдей сапалы білім береді ме?» тақырыбында пікірсайыс өтті. Қызу талқыға түскен бұл сайыста оппозиция мүшелері Сапар Шолпан, Сапарова Ақбота белсене қатысты.
Үкімет тарапында лидер Амангелдіқызы Ақниет және спикер Қали Әлия өз ой-пікірлерін дәйекті әрі құнды жеткізе білді. Қазіргі уақытта өзекті болып жатқан тақырыптардың бірі - «Инклюзивті білім берудің сапалы тұстары» жайлы біршама тың ақпараттармен бөлісті. Екі жақтың да көзқарастары аудиторияға үлкен ой салып, берілген тақырыпты тереңінен ашуға үлкен мүмкіндік берді. Нақты әрі дәлелді құндылық кейстерінің құрылымы бойынша,екі жақ бір-біріне тақырып өзектілігі бойынша біршама сұрақтар қоя білді. Нәтижесінде, дебат түрлі идеялар мен ұсынылған мәселенің шешімдерін оңды түрде шешуге жол ашты.
Ең маңыздысы, пікірталасқа қатысқан әрбір ізденуші ой-өрісінің кеңдігі мен сөйлеу шеберлігі, керемет ізденіс қабілеті, ұйымдастырушылық қасиеттерін танытты. Қорытындылай келе, «Инклюзивті білім беру барлық балаларға бірдей сапалы білім береді ме?» атты пікірсайысы қызықты әрі тартысты өткендіктен, оппозиция және үкімет тараптары да оңды түрде бағаланды.
Осыған ұқсас
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ
13 Наурыз 2026, 11:19
DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ
13 Наурыз 2026, 09:20
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
11 Наурыз 2026, 13:17
AI-SANA: ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚАДАМ
11 Наурыз 2026, 10:27
«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
10 Наурыз 2026, 13:14
ӘЛЕМНІҢ МӘНІ — ӘЙЕЛДЕ!
6 Наурыз 2026, 13:03
УНИВЕРСИТЕТ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ
6 Наурыз 2026, 12:49
ҒАСЫР МЕРЕЙТОЙЫН ТОЙЛАҒАН ҒАЛЫМ ҚАПИРА СӘДУАҚАСОВА АТЫНДАҒЫ ДӘРІСХАНА АШЫЛДЫ
5 Наурыз 2026, 17:29
AI-SANA: Университеттің цифрлық трансформациясындағы стратегиялық қадам
3 Наурыз 2026, 13:39
Қаржылық қауіпсіздік: Цифрландыру және жасанды интелект дәуірінде
2 Наурыз 2026, 10:53