ӘКІМ ЫСҚАҚТЫҢ ӘСЕРЛІ КЕШІ
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде белгілі қаламгер, ҚР Парламенті Мәжілісі бірінші шақырылымының депутаты, тұңғыш қазақ тілінде жазылған «Халықтың көші-қоны туралы» заңының авторы Әкім Ысқақпен кездесу өтті.
Әдеби-рухани сырласу кешіне айналған кездесуде мәртебелі қонақ өзінің өмір жолындағы қызықты әрі әсерлі естеліктермен бөлісті. Шетелдегі қазақ балалары, ұлттық намысқа өрнектелген ой иірімдері тыңдарманды тебірентті.
Әдеби кеште айтыскер ақын Кәрима Оралова домбырамен арнау айтты. Кездесуді университет Басқарма төрағасы-ректор міндетін атқарушы Гүлжан Сүгірбаева жүргізді.
Әкім Ысқақ бұрынғы Шымкент педагогикалық университеті болған оқу орнымыздың мақтанышы. Сондықтан да болар, белгілі тұлғаның әсіресе студенттік жылдардан шерткен сыры көпшілікке әсерлі болды.
Кездесу соңында Әкім Ысқақ “Алтыным” жаңа кітабын Әбсаттар Дербісәлі атындағы университеттің ғылыми кітапханасына, оқытушылар мен жастарға сыйға тартты.
Осыған ұқсас
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ
DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
AI-SANA: ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚАДАМ
«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
ӘЛЕМНІҢ МӘНІ — ӘЙЕЛДЕ!
УНИВЕРСИТЕТ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ
ҒАСЫР МЕРЕЙТОЙЫН ТОЙЛАҒАН ҒАЛЫМ ҚАПИРА СӘДУАҚАСОВА АТЫНДАҒЫ ДӘРІСХАНА АШЫЛДЫ
AI-SANA: Университеттің цифрлық трансформациясындағы стратегиялық қадам