“КӘСІБИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ: БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ПРАКТИКАЛЫҚ ДАЯРЛЫҒЫ“ АТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ
31 Қазан 2024, 17:14
Медиа Орталық
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде Шымкент қаласындағы бірқатар мектептің өкілдеріне педагогикалық практиканың ерекшеліктері таныстырылды. «Кәсіби ынтымақтастық: болашақ мұғалімдердің практикалық даярлығы» тақырыбында өткен жиынға Ұлықбек атындағы №3 жалпы орта мектебі, Айбек атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебі, А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицей, Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі, №59 жалпы орта білім беретін мектебі, №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясы, Ш.Уалиханов атындағы №18 жалпы орта білім беретін мектебі директорының орынбасарлары қатысты.
Басқосуда болашақ мұғалімдердің тәжірибелік даярлығын жетілдірудегі педагогикалық практиканың маңызын айқындау үшін диалогтік алаң жасалып, бірқатар мәселелер талқыланды. Академиялық кезеңмен қатар педагогикалық практиканы ұйымдастыру ерекшеліктерін, артықшылығы мен кемшілігін анықтау мақасатында қатысушылар арасында сауалнама жүргізілді. Жалпы, педагогикалық практиканың нәтижелілігін жетілдірудегі мектеп пен университет арасындағы ынтымақтастықтың берер жемісі көп.
Осыған ұқсас
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ
13 Наурыз 2026, 11:19
DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ
13 Наурыз 2026, 09:20
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
11 Наурыз 2026, 13:17
AI-SANA: ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚАДАМ
11 Наурыз 2026, 10:27
«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
10 Наурыз 2026, 13:14
ӘЛЕМНІҢ МӘНІ — ӘЙЕЛДЕ!
6 Наурыз 2026, 13:03
УНИВЕРСИТЕТ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ
6 Наурыз 2026, 12:49
ҒАСЫР МЕРЕЙТОЙЫН ТОЙЛАҒАН ҒАЛЫМ ҚАПИРА СӘДУАҚАСОВА АТЫНДАҒЫ ДӘРІСХАНА АШЫЛДЫ
5 Наурыз 2026, 17:29
AI-SANA: Университеттің цифрлық трансформациясындағы стратегиялық қадам
3 Наурыз 2026, 13:39
Қаржылық қауіпсіздік: Цифрландыру және жасанды интелект дәуірінде
2 Наурыз 2026, 10:53