УНИВЕРСИТЕТ РЕКТОРЫ МАРАПАТ ИЕЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ
31 Қазан 2024, 12:00
Медиа Орталық
Биылғы оқу жылы университетіміз үшін жемісті басталды. Ұжымдағы бірнеше әріптесіміз мемлекеттік жоғары наградаға ие болып, мәртебеміз бен мерейімізді асқақтатты. Бүгін білім ордасының басқарма төрағасы-ректордың міндетін уақытша атқарушы Гүлжан Сүгірбаева Ұлттық Ғылым академиясының академигі, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, ректордың кеңесшісі Құлбек Ергөбекті Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2024 жылғы мемлекеттік сыйлығының лауреаты атануымен құттықтады. Әдебиет сыншысына мұндай мәртебелі атақ «Адамның бір қызығы бала деген» әдеби сын еңбегі үшін беріліп отыр.
Сондай-ақ эстрада әншісі, ҚР мәдениет қайраткері, университеттегі вокал үйірмесінің жетекшісі Хадиша Шалабаева мен өнер және білім факультетінің кафедра меңгерушісі, доцент м.а. Алена Досбағанбетова да еліміздің рухани-мәдени дамуына елеулі үлес қосқаны үшін «Құрмет» орденімен марапатталды. Гүлжан Сүгірбаева марапат иелерін шын жүректен құттықтап еңбектеріне жаңа серпін мен шабыт тіледі.
Осыған ұқсас
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ
13 Наурыз 2026, 11:19
DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ
13 Наурыз 2026, 09:20
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
11 Наурыз 2026, 13:17
AI-SANA: ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚАДАМ
11 Наурыз 2026, 10:27
«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
10 Наурыз 2026, 13:14
ӘЛЕМНІҢ МӘНІ — ӘЙЕЛДЕ!
6 Наурыз 2026, 13:03
УНИВЕРСИТЕТ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ
6 Наурыз 2026, 12:49
ҒАСЫР МЕРЕЙТОЙЫН ТОЙЛАҒАН ҒАЛЫМ ҚАПИРА СӘДУАҚАСОВА АТЫНДАҒЫ ДӘРІСХАНА АШЫЛДЫ
5 Наурыз 2026, 17:29
AI-SANA: Университеттің цифрлық трансформациясындағы стратегиялық қадам
3 Наурыз 2026, 13:39
Қаржылық қауіпсіздік: Цифрландыру және жасанды интелект дәуірінде
2 Наурыз 2026, 10:53